Кеңес ал!
Табиғи оттегі шырыны – әлемнің көптеген елдерінде танымал өнім. Ең көп таралған коктейль – 90-95%-ға оттегімен қаныққан көбікті сусын. Ол әдетте шырындардан немесе шөп тұнбаларынан шайқалады, сондықтан сусын ағзаға екі есе оң әсер етеді, тіндерді оттегімен қанықтырады және витаминдер мен пайдалы микроэлементтердің қуатын береді.
Бұл газ сонымен қатар көкөніс қоймалары мен қойма-жайларды дезинфекциялауда да пайдаланылады. Атом оттегінің ауадағы оттегімен (озон) қоспасыпатогенді флора, зең және саңырауқұлақтар, бактериялар мен микроорганизмдер секілді зиянкестерді жоюдың жақсы құралы.
Озонның басқа дезинфекция құралдарына қарағанда даусыз артықшылығы – қоршаған орта мен адамға зиянсыздығы.
Алматы қаласындағы осындай өнім шығаратын компаниялардың бірі –Алтынай Құралбекқызы Әкімжанова ашқан «Алтынай» ЖК.
Қазір кәсіпорын қаныққан сусындарды булу, мұздату немесе мембрана қолдану арқылы шығарады. Жергілікті қала базарларында, супермаркеттерде, арнайы дүкендерде, сауда үйлеріндегі дәмханаларда, сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпорындардан тапсырысы бойынша алуға болады.
Қазір табиғи оттегі шырындарына деген сұраныстың күннен-күнге артып отырғанына байланысты кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша өндірісті кеңейту үшін қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 19,50%-дан 11,50% құрайды. Қаражат инвестицияға жұмсалды.
Кәсіпорын аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. Қолдау арқасында ғимаратты сатып алу мүмкіндігі туды. «Алтынай» жеке кәсіпкері осы өндірістік үй-жайды сатып алу арқылы тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Сайт: @kislorod.kz.almaty
Мекен жайы: Алматы қ-сы, Ақсай-5 ы.а., 25
Байланыс телефондары : +7 702 343 87 80