menu
Жабу

Кеңес ал!

Фархат Сәрсекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Жаңалықтар
24.02.2025

Фархат Сәрсекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасы болып тағайындалды 

WhatsApp Image 2025-02-24 at 10.07.00.jpeg

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы «Даму» Қорының ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды.

    WhatsApp Image 2025-02-24 at 10.37.42.jpeg

Фархат Сәрсекеев 1984 жылы туған. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. 

Еңбек жолы 2005 жылы банк секторында басталған. 

2005-2006 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Шағын және орта бизнесті несиелеу басқармасында 1 және 2-санатты менеджер болып жұмыс істеді. 

2008-2009 жылдары – «Демир Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің несие менеджері. 

2009-2010 жылдары – «АТФ Банк» АҚ (UniCredit Group) Restructuring and workout бас маманы. 

2010-2012 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ активтерді қайта құрылымдау департаментінің бас фронт-менеджері. 

2012-2015 жылдары – «Сбербанк» АҚ ЕБ Ұлттық компаниялармен және даму институттарымен жұмыс департаменті директорының орынбасары. 

2015-2018 жылдары – «Сбербанк» АҚ ЕБ Қарағанды филиалында Корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары 

2018-2019 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқарушы директоры 

2019-2023 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры болды.