menu
Жабу

Кеңес ал!

Қазақ дәстүрін қолөнер арқылы жаңғырту

Жаңалықтар
28.02.2025

«KAZAKH CRAFT» брендін құрған Мақсат Байзақов қазақтың дәстүрлі қолөнер бұйымдарын замауи стильде жаңғыртуды мақсат етті. Бұл брендпен ол киіз, түскиіз, текемет, сырмақ, себет, ою-өрнектелген бұйымдар жасайды. Заттардың бәрі ежелгі дәстүрмен ұстаздан шәкіртке, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан әдіспен дайындалады.


Фото 3.jpg


«KAZAKH CRAFT» бұйымы — тек зат қана емес, қазақ мәдениетінің бір бөлігі. Киіз бен ағаш сияқты табиғи материалдар ғана пайдаланылатын дүниелер үйді әсемдеп қана қоймай, халықтың салт-дәстүр, тарихынан хабар береді.

Мақсат Байзақов үшін «KAZAKH CRAFT» жәй бизнес емес, қолөнер дәстүрін қолдап, мәдени мұраны сақтау тәсілі. Жаппай өндіріске салмай, қолмен бренд жасау ежелгі қолөнерді жас ұрпаққа жеткізудің жолы.

2022 жылы кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 21%-бен несие алды. Оның 15%-ын «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады, сондай-ақ жеткіліксіз кепілзат орнына Қор несие сомасының 85%-ына кепілдік берді.

«KAZAKH CRAFT» ежелгі дәстүрді заманауи трендпен үйлестіреді. Мақсат пен оның командасы ежелгі қолөнер туындыларының қазір де сұранысқа ие бола алатынын көрсетіп, халыққа өз мәдениетімен қайта қауышуға мүмкіндік жасап, табысты бизнес жүргізіп отыр.

Шымкент қ., Тәуке хан көшесі, «Ақ дастархан» СО, 1-қабат.
Телефон: +7 (702) 496 60 60
Инстаграм: @kazakhcraft.kz