Кеңес ал!
Түркістан облысы тамаша табиғаты мен емдік қасиеті мол шипажайлары көп өңір ретінде танымал. Солардың бірі – Қарлығаш Тұрсынқызы Оралбаева 2015 жылы негізін қалаған «Керуен» демалыс-ауықтыру орны. Бұл кешен табиғи ресурстар мен заманауи медициналық технологияларды ұштастыра отырып, өңірдегі жетекші санаторий-курорт емі бар орталықтардың біріне айналды.
2023 жылы жаңа нысанның құрылысын аяқтау үшін санаторий «Қазақстан Халық Банкінен» АҚ-нан «Даму» қорының қолдауымен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жеңіл несие алды. Бұл пайыздық мөлшерлемені 7,25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп, жобаны сәтті аяқтап, 2024 жылы кешенді пайдалануға беруге жағдай жасады.
Бүгінде санаторий екі корпустан тұрады және медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Қонақтарға үш мезгіл диеталық тамақтану мен түрлі сауықтыру процедуралары, соның ішінде минералды ванналар, циркулярлы душ, ультрадыбыстық терапия, УФО-терапия және басқа да емдік әдістер ұсынылады.
«Біздің санаторий әрбір қонақтың жан тыныштығын тауып, денсаулығын жақсартуы үшін құрылған», – дейді «Керуен» емдеу-сауықтыру кешенінің негізін қалаушы Карлығаш Тұрсынқызы Оралбаева.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті, Т. Рысқұлов көшесі, 2-үй.
Телефон: +7 775 982 24 13
Веб-сайт: www.saryagash-keruen.kz
Instagram: @sanatorya.keruen