Кеңес ал!
«Айгүл» клиникасы ЖШС — тіс тазалау, емдеу, тіс салып, импланттау, ортодонтия, балалар және эстетикалық стоматология секілді қызметтердің бар түрін ұсынатын заманауи медициналық мекеме. Клиника ересектер мен балаларды қабылдайды. 2024 жылы компания қызметін кеңейту үшін жаңа стоматологиялық клиника ашу мақсатында үй-жай сатып алу туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатта компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мөлшерлеме жылына 9%-ға дейін түсіріліп, мемлекет субсидиялады. Бұл қаржы жүгін азайтуға және өтеуді ыңғайлы етуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде клиника ыңғайлы жерден үй-жай сатып алды. Сатып алғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жабдықталып, персонал алды.
Жаңа клиника халықты сапалы стоматологиялық қызметтер ұсынып, пациенттер ыңғайлы жағдайда ауыз қуысы ауруларын кәсіби емдеуге, диагностикалауға және аурудың алдын алуға қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімін арттырып, аймақтағы жеке медицинаның дамуына ықпал етті.
Клиника өз дамуын жалғастырып, нарықтағы позициясын нығайтып, Ақтөбеде стоматологиялық қызмет көрсету деңгейін арттыруда.
Ақтөбе, Алтын орда көшесі, 9Б.
+7 771 229 59 48
instagram: @dr_aigul_kylyshevna