Кеңес ал!
Терраса тақталардың пайда болу тарихы кеме жасау кезінен басталады. Оны кемедегі палубаға төсеу үшін пайдаланған, сондықтан қазір оны «палуба» тақтайы деп те атады. Палуба тақтасы кемедегі еден температурасы, ылғал және күн мен түннің өзгеруіне төтеп бергендіктен көпшілікке ұнады.
Бүгінде құрылыстың жылдамдығы мен сапасы жаңа технологияларды қолдануға және заманауи материалдарды пайдалануға тікелей байланысты, олардың арасында композиттік материалдар ерекше орын алады. Өздерінің қасиеттері, сипаттамалары және пайдалану мерзімдері бойынша олар табиғи қасиеттерден кем түспейді, көбінесе асып түседі. Сыртқы орта факторларының әсерiндегi ашық учаскелердi (верандалар, террасалар, күркелердегi едендер, жолдар және т.б.) жайластыру кезiнде бұрыннан табиғи материалдар - тас, ағаш және басқалар қолданылған. Қазір жоғары беріктігімен, тозуға төзімділігімен, ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленетін террасалық тақтаны жиі пайдаланады. Алматы қаласындағы осындай компаниялардың бірі – «KazNewTech LLP» ЖШС.
«KazNewTech LLP» ЖШС 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 20 жылдан астам даму тарихы бар көп салалы компания. 10 жылдан астам уақыт бұрын компания терраса тақтасы өндірісін іске қосты.
«Өнімнің бірегейлігі абсолютті экологиялық қауіпсіздікпен жоғары сапалы тақталарды өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық патенттелген ағаш-полимерлі композитті пайдалану болып табылады. Кәсіпорын экологиялық таза материалдардан табиғи ресурстарды сарқылтпай өнім шығарады. Барлық өнімдер сыналған және сертификатталған», - дейді компания басшысы Сатыбек Медер Дәулетжанұлы.
«ForteBank» АҚ арқылы компания «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға ие болды. Бағдарлама шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 21,75% -ды құрайды, оның 13% -ын Даму Қоры жабады, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Қаражат инвестициялық мақсаттарға бағытталған.
«KazNewTech LLP» ЖШС өңір экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.
Сайт: @kaznew _ tech
Алматы қаласы, Спасская көшесі, 64
+77015372007