Кеңес ал!
Наталья Алексеевна Бойко – өзгерістерден қорықпай, әрдайым алға ұмтылатын жанның жарқын үлгісі. Ол Көкшетау кооперативтік техникумын азық-түлік тауарларының технолог-маманы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мемлекеттік ет комбинатында бастап, дайын өнім сапасын бақылаумен айналысты.
Алайда, өз кәсібін ашуға деген ой үнемі басында жүретін. 1998 жылы Наталья Алексеевна ет жартылай фабрикаттарын өндіретін жеке цех ашты, ал төрт жыл өткен соң – «Петропавл Бойко ет комбинаты» ЖШС құрды. Серіктестік ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеді. Алайда, 2013 жылы денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болып, бұл бизнесті сатуға мәжбүр болды. Жаңа салада кәсіп ашуды ойлап, іздену барысында стоматология ашу туралы шешім қабылдады.
Қазір Наталья Бойко ашқан «Рус-Дент» – заманауи стоматологиялық клиника. Мұндағы ең жаңа технологиялар мен жоғары білікті әрі тәжірибелі дәрігерлер пациенттерге әсем күлкі сыйлайды. Клиникада терапия, ортопедия, протездеу, хирургия, тіс жұлу, имплантология, сапалы импланттарды пайдалана отырып тіс салу секілді стоматологиялық қызметтердің толық түрі көрсетіледі. «Рус-Дент» клиникасы сапалы стоматологиялық қызметтер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысады. Жыл сайын ол Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісімшарт жасасып, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, жасөспірімдер, сондай-ақ қатты тіс ауруымен келген науқастар секілді белгілі бір санаттағы азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетеді.
2024 жылы «Рус-Дент» ЖШС «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы бизнес-несие алды. Бұл компанияға айналым қаражатын едәуір толықтыруға және клиниканың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қосымша артықшылықтардың бірі «Даму» қорының субсидиялау бағдарламасына қатысу болды, соның арқасында несие мөлшерлемесі едәуір төмендеді. Несиенің бастапқы мөлшерлемесі 21,25% болса, «Даму» қоры оның 13,25%-ын өтеп, нәтижесінде клиника жылдық небәрі 9% мөлшерлемемен несие төлейді.
Петропавл, Назарбаев көш., 339. Медведев көш., 10а. Гашек көш., 3
+7 (747) 051 84 68
+7 (775) 567 50 53
+7 (708) 175 76 44
Инстаграм: @rusdent339