menu
Жабу

Кеңес ал!

«Qadam School» – «Даму» Қорының қолдауымен ашылған заманауи мектеп

Жаңалықтар
05.03.2025

«Qadam School» – бастауыш сыныптар үшін ашылған мектеп. Алғашқы күннен бастап инновациялық әдістерді дәстүрлі тәсілдермен біріктіріп оқытатын білім берудің сәтті үлгілердің бірі болды.

Мектептің құрылтайшыларына ғимарат сатып алу және ішкі жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Банк ЦентрКредит» 19,75%-бен несие берді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің 10,75%-ын «Даму» қоры субсидиялады. Сондай-ақ кепілдік жетпегендіктен банкке «Даму» қоры кепілдік ұсынды.

Оқушыларды тұлға етіп қалыптастыру үшін қолайлы орта құру өте маңызды қадам. «Qadam School» мектебі әр баланың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін және сыни пайымын ұштауға тырысады. Мектеп оқытудың инновациялық әдістерін белсенді қолданады, бұл балаларға тек оқу материалын сіңіріп қана қоймай, сонымен бірге болашақта пайдалы болатын дағдыларды да дамытады.

Жоғары білікті оқытушылар, заманауи материалдық-техникалық база және студенттердің жеке қажеттіліктеріне назар аудару - барлығы «Qadam School» мектебін ерекше және табысты білім беру ұйымын жасайды. Мектеп өз миссиясын жүзеге асыра отырып, дамуды жалғастыруда: балаларға жеке және академиялық өсу үшін ең жақсы мүмкіндіктер беруде.

БҚО, Орал қаласы, 9 ш.а., Қызылжар 8

Телефон: +7 708 232 74 85

instagram: @qadamschool_oral