menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараздық кәсіпкер «Даму» Қорының қолдауымен қонақ үйін кеңейтті

Жаңалықтар
05.03.2025

Альбина Қабықбаева 2012 жылы зергерлік бұйымдар саудасымен, үй-жайларды жалға берумен айналысатын.

Кәсіпкер 2014 жылы жинаған қаражатына Тараз қаласында «Pride» қонақ үйін салып, қонақ үй бизнесімен айналыса бастады. Талдықорған қаласына көшуіне байланысты Альбина Қабықбаева өз қонақ үйін сатты. Кәсіпкерге өзін жаңа салада сынап көру идеясы келіп, Жетісу облысындағы Алакөл жағалауынан демалыс аймағын салды. Маусымдық бизнесте бірнеше жыл жұмыс істеген соң, Альбина Қабықбаева қонақ үй қызметі жақын әрі тиімдірек екенін түсініп демалыс аймағын сатып, Тараз қаласына оралды.

Келе салып ол қала орталығынан жер учаскесін сатып алып, Shahristan» қонақ үйінің құрылысын бастады. Жылдар өте келе бұл табысты бизнес екенін түсініп, «Bursa» деп аталатын екінші қонақ үйін салды. Кәсіпкердің барлық қонақ үйлері қазақтың қонақжай мәдениетін көрсететін этно стильде, заманауи жабдықтармен және жаңа дизайнмен жабдықталған.

2024 жылы Альбина Қабықбаева «Қазақстан Халық Банкінен» «Shahristan» қонақ үйін кеңейтуге, атап айтқанда жалпы ауданы 1350 шаршы метр жапсарлас құрылыс салуға несие алды. Жобаны «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдады.

Несиені және мемлекеттік қолдауды алғаннан кейін жеке кәсіпкер Қабықбаева Альбина «Shahristan» қонақ үй кешенінің аумағын қазіргі заманғы стандарттар бойынша ұлғайтып, өз жобасын табысты іске асырды. 

Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 3-3 А.

Тел.: +7 (776) 625-35-13

Instagram: @shahristan.taraz