menu
Жабу

Кеңес ал!

Тұрақтылық пен жауапкершілік – табыстың кепілі

Жаңалықтар
28.02.2025

Лятиф-Заде Алис Валерьевич – отбасылық кәсіпте жас көмекші болып жүріп, табысты жиһаз өндірісінің иесіне дейін жеткен адам. Оның өмір жолын табандылық, қателіктермен жұмыс істеу және үнемі дамуға ұмтылудың үлгісі десе де болады. Алис 12 жасында әкесінің азық-түлік дүкеніне көмектесетін. Бастапқыда барып кел, алып кел деген тапсырмалар орындады. 13 жасында тауар сатып алу, сату орындарына тауар тасу, тапсырыс жинау сияқты маңызды міндеттерді атқара бастады. Сөйтіп жастайынан келіссөздер жүргізу, сатып алу, баға есептеу, жеткізіп беру барысын бақылауды үйренді.

9-сыныпты аяқтағаннан кейін, досы оны жиһаз бизнесімен таныстырды. Алис алдымен жиһаз жинауды үйренді, кейін өндіріс барысын түсініп, жеткізушілер, клиенттер іздей бастады. 17 жасында ол жиһаз жасау ісіне бет бұрып, қосымша ерлер киімін сататын бөлім ашты. Жезқазған Заң колледжіне түсіп, 10 түрлі машықты қамтитын кең бейінді мамандық бойынша білім алды.

19 жасында Алис өзін басқа салада сынап көрмек болып, шахтаға жұмысқа орналасты. Сол кезде құқық қорғау органдарына қызметке тұру туралы ойлаған, тергеу бөлімінде жұмыс істеуді қарастырған, алайда өмірі басқа бағытта өрбіді. Шахтадағы жұмыстан кейін ол үйленіп, Алматыға көшіп, екі жыл сонда тұрды. Алайда бұл қаладағы өмір оңай болмады, сондықтан туған жеріне оралу туралы шешім қабылдады. Осы уақытта қызы Элеонора, кейін ұлы Тигран дүниеге келді.

Қайтып оралған соң, ол бизнесін жалғастырып, жұбайымен бірге киім дүкендерін ашты, бірақ негізгі ісін – жиһаз өндірісін ұмытқан жоқ. 2013 жылға қарай Алис толықтай жиһаз бизнесіне бет бұрды. Ол қарапайым жұмыстардан бастап, жиһазды өзі құрастырып, сатумен айналысты, жаңа клиенттер іздеді. Біраз уақыттан кейін алғашқы ірі станокты сатып алды, кейін екіншісін, жүк көлігін алды. Бизнестің ауқымы кеңейіп, тұрақты клиенттер мен тапсырыстар көбейді.

> Көп ұзамай кәсіпкер өндірісті кеңейтуге шешім қабылдап «Банк Центркредитке» жүгінеді. Онда оған «Даму» Қоры арқылы субсидия алу мүмкіндігі туралы айтылады. Нәтижесінде «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының бағдарламасы бойынша 7% жылдық мөлшерлемемен несие мақұлданды.

Ол жиһаз өндірісінде 20 жыл ішінде талай қиындықты бастан кешірді. Арнайы курс, жоғары білімсіз, тәжірибе арқылы үйренді. Қателіктер жасады, бірақ ешқашан артқа шегінбеді. Оның негізгі қағидасы – тұрақтылық пен жауапкершілік болды. Дәл осы қасиеттер оның табысты бизнес ашуына көмектесті. Алис Лятиф-Заденің жұбайы бухгалтер болып жұмыс істейді, ол бірнеше рет оны отбасылық бизнеске қосылуға шақырды.

Қазіргі уақытта Алис Лятиф-Заде басқаратын компанияда бірнеше қызметкер жұмыс істейді, ол сауда үйін салып, өндірісті дамытуды жалғастыруда. Ол жаңа бағыттарды қарастыруда – мейрамхана немесе супермаркет ашуды жоспарлап отыр, өйткені табысты бизнес ешқашан тоқтап қалмауы керек деп есептейді. Оның басты мақсаты – тек қаржылық жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар ертеңгі күнге деген сенімділік. Ол болашақта балалары мен немерелері лайықты өмір сүріп, сүйікті істерімен айналыса алатындай жағдай жасағысы келеді.

Жезқазған, Ұтылау көшесі 2/3

+7 705 419 23 23

Инстаграм: @mebelnyi_salon_555