menu
Жабу

Кеңес ал!

KazBioServis-Astana: әр жобадағы инновациялар мен сенімділік

Жаңалықтар
05.03.2025

«KazBioServis-Astana» ЖШС — модульдік ғимараттар мен дәретхана модульдерін жобалаудан бастап дайын өнім етіп шығаруға дейін толық циклды жүзеге асыратын отандық өндіруші.

Компанияда білікті инженерлер мен жоғары санатты жұмысшылар, жеке техника паркі бар. Бұл оған кез-келген қиын жобаларды аса дәл әрі сапа стандарттарына сай етіп, дер кезінде орындауға мүмкіндік береді. Астана, Шымкент, Түркістан, Қостанай және Ақмола облысындағы Бурабай кенті сияқты қалаларда 600-ден астам дәретхана модульдері мен биотуалеттерге қызмет көрсетеді. «BI GROUP» құрылыс холдингі, «Найза құрылыс» концерні, «Базис-А», «АстанаТрансСтрой» СК секілді ірі құрылыс компанияларымен де серіктес. Сериялық өндірісінің СТ-КZ сертификаты мен өнімнің жоғары сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын өнеркәсіптік сертификаттары бар. Бұл өнімнің сенімділігі мен қатаң мемлекеттік және халықаралық талаптарға сәйкестігіне кепілдік береді.

Компания өз қызметкерлерінің дамуына белсенді түрде инвестиция салады. Қазір «KazBioServis-Astana» ЖШС-де 49 адам жұмыс істейді, оның бәрі жоғары білікті. Сонымен қатар, компания азаматтық-құқықтық шарттар аясында да маман тартады.

2021 жылы компания «Халық-Лизинг» АҚ-ға жүгініп, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алды. Нәтижесінде компания қарызының пайыздық мөлшерлемесін 6%-ға төмендете алды. Қаражатты лазерлік кесу жабдықтарын сатып алуға жұмсады. Бұл компанияның өндірістік мүмкіндіктерін жақсартты.

«KazBioServis-Astana» ЖШС — күшті техникалық әлеуеті, білікті мамандары және жоғары сапа стандарттары бар қарқынды дамып келе жатқан компания. Оның ірі серіктестермен табысты жұмысы және мемлекеттік жобаларға қатысуы компанияның сенімді және кез келген ауқымды, күрделі жобаларды жүзеге асыра алатынын растайды.

Астана қ., Болашақ к-сі, 34 үй, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы

Телефон: +7 705 444 66 07

Сайт: https://kbs.kz/