menu
Жабу

Кеңес ал!

«ZEYIN» спорттық-білім беру кешені

Жаңалықтар
11.03.2025

Өскемендік Алмагүл Қабылбекқызы 2023 жылы спорт пен білім беруді біріктіретін бірегей кеңістік құру туралы шешім қабылдады. Оның мақсаты кезекті фитнес клубын ашу емес, барлық жастағы адамдар келіп, дене шынықтырып, психикалық және эмоционалды түрде дами алатын орталық құру болды. «ZEYIN» спорттық-білім беру кешені осы мақсатта ашылды.

Спорт ғимараттарына, әсіресе белсенді өмір салтын ұстанатын халық арасында сұраныс зор. Жаңа кешенге келушілер арасында балалар, ерлер мен әйелдер, сондай-ақ корпоратив командалар мен кәсіби спортшылар бар. Сонымен қатар, кешен барлық маусымда ашық. Бұл ауа-райына қарамастан ыңғайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Қыста және жазда волейболшылар жаттығу жасап, жарысқа қатыса алады.

Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. 2024 жылдың қараша айында Алмагүл Әлхамова спорт-білім беру кешенін салу үшін «Банк Центр Кредиттен» несие алғанда «Даму Оптима» бағдарламасы аясында Қордан кепілдік алды.

«ZEYIN» спорт-білім беру кешенінің ашылуы бұқаралық спортты дамытуға және өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосты. Қазір бұл жай ғана спорт-білім беру кешені емес, табыстың, шабыттың және жақсылыққа ұмтылыстың символы.

+7 777 748 98 41

ШҚО, Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі, 70А.