menu
Жабу

Кеңес ал!

Идеядан табысқа дейін: «Greenery» кәсіпорнының тұрмыстық химия саласындағы тарихы

Жаңалықтар
12.03.2025

Қазір бизнес өндірісті кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және өнім сапасын қамтамасыз ету сияқты қиындықтарға тап келіп жатады. Оралдық кәсіпкер Арман Ирғалиевтің кәсібі де оны айналып өткен жоқ. Армен «Даму» Қоры арқылы жаңа жабдық сатып алып, өндіріс қуатын арттырды.

Арман Ирғалиев тұрмыстық химия өнімдерін өндіруді бірнеше жыл бұрын бастады. Бұл нарықта сапалы әрі қолжетімді жуғыш заттардың жетіспейтінін байқаған соң келген идея еді. Шетелдік брендтерге тәуелді болудың орнына, кәсіпкер қазақстандық тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін өнім шығарып, импорт тауарлармен сапасы мен бағасы жағынан бәсекеге түсуге шешім қабылдады. Алғашқы кезеңде өндіріс көлемі аз болды, жабдық ескірген және оны пайдалану үшін көп шығын кетті. Бірақ бұл қиындықтар Арманды тоқтатқан жоқ, ол өнімін жақсартуды жалғастырып, тұтынушылардың сенімін ақтап, нарықта өз орнын тапты.

Сұраныс артқан сайын кәсіпкер өндірісті жаңарту қажеттілігін сезінді. Өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім сапасын арттыру үшін жаңа жабдықтар қажет болды. Бұл үшін едәуір инвестициялар талап етілді. Арман Ирғалиев осы мәселені шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорына жүгініп, жаңа жабдық сатып алу үшін қаржылай көмек алды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы кәсіпорын «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында қаржыландыру алды. Алынған қолдау субсидиялау мен кепілдендіру түрінде көрсетіліп, жылжымайтын мүлік пен жабдық сатып алуға мүмкіндік берді.

Жаңа жабдықтармен өндіріс автоматтандырылып, шығындар азайып, өнімнің сапасы жақсарды. Сонымен қатар, кәсіпкер ассортиментін кеңейтіп, жаңа жуғыш заттар шығара бастады. Бұл өнімдер тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Өнім сапасының жақсаруы және өндірістік қуаттардың артуы жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берді.

Арман Ирғалиевтің табыс тарихы — мемлекеттік қолдаудың бизнестің дамуына маңызды фактор болатынын көрсететін жарқын мысал. «Даму» Қоры арқасында кәсіпкер өндірісін жақсартып қана қоймай, халықаралық нарықтарға да шығуға жол ашты. Бұл тәжірибе дұрыс қолдау мен стратегиямен, бастапқы қиындықтарға қарамастан, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын дәлелдейді.

БҚО, Орал қаласы, Ш. Айталиев көшесі, 11А құрылысы 

Телефон: +7 701 367 62 28; + 7 700 444 72 20 

сайт: greenery.kz