Кеңес ал!
Білім – табысты болашақтың негізі. Мектепте алған сапалы білім баланың академиялық қабілеттерін ғана емес, сонымен бірге оның жеке қасиеттерін, сыни ойлауын және қазіргі өмірдің қиындықтарына дайындығын қалыптастырады. ХХІ ғасырда әрбір бала әлеуметтік жағдайына немесе дайындық деңгейіне қарамастан өз әлеуетін аша алатын жағдайлар жасау маңызды. Сондықтан сапалы білім алу үшін жағдай жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
2024 жылы Қызылорда қаласында, Сырдария жағалауында 590 оқушыға арналған жаңа «Сыр білімі» мектебі ашылды. Мектеп 1-11 сынып оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерінде оқытады. Мұнда баланың жан-жақты дамуына бағытталған дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері біріктірілген.
Мектеп құрылысы үшін «Сыр білімі» ЖШС «First Heartland Jusan Bank» АҚ-да «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидия және кепілдік құралдары бойынша қаржы алды. Осы бағдарлама аясында компания үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 21,5%-дан, жылдық 8%-ға төмендетілді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.
Жаңа, жайлы мектеп ортасында балалардың қабілеттерін дамытатын зияткерлік, шығармашылық және спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Мектеп оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, оларға оқуға қолайлы жағдай жасалынған. Білім беру процесін балаларды қызықтыра алатын және олардың таланттарын ашып, жаңа жетістіктерге шабыттандыруға көмектесетін тәжірибелі және жоғары білікті педагогтар жүргізеді. Сонымен қатар мектепте балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін ойын жабдықтарымен жабдықталған дамыған спорттық аймағы бар.
«Сыр білімі» мектебінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға болды. Ол балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ жетістіктерге дайын интеллектуалды дамыған, креативті және өзіне сенімді жастардың жаңа буынын қалыптастырады.
Қызылорда қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 33
Тел: 8 701 227 25 75
Инст: @syr_bilimi