Кеңес ал!
«Асыл-Бастау.KZ» компаниясы 2014 жылы сүт өнімдерін өндіру және экспорттау мақсатында құрылғанымен, белгілі бір қиындықтарға байланысты бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрды. 2020 жылы кәсіпорын толық іске қосылғанымен, негізгі мамандар, әсіресе технологтардың жетіспеушілігі өндірісті бастауға кедергі келтірді. Осы жағдайды саралай келе, компания жаңа бағыт – ауыз су өндірісіне бет бұруға шешім қабылдады.
Бүгінде «Aqua the best» брендті ауыз су өндірісі жолға қойылған. Мұнда сағатына 3 тонна су шығады. Желі 3 бағытта жұмыс істейді. Олар:
5 литрлік бөтелкеге құю,
0,5-1,5 литрлік бөтелкеге құю,
19 литрлік бөтелкеге құю желілері.
Кәсіпорын өндірісті кеңейту және айналым қаражатын толықтыру үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Bank RBK» арқылы 14%-дық мөлшерлемемен несие рәсімдеді. Оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
– Қиындықтарға қарамастан, біз өндіріс бағытын өзгертіп, ауыз су өндірісін қолға алдық. Ендігі мақсатымыз – өндіріс қуатын арттырып, Қазақстан нарығындағы жетекші ойыншылардың қатарына қосылу, – дейді компанияның басшысы Койшигулова Улды Хамитовна.
Мекенжайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ ауылы, Индустриялық аймақ, 515-ғимарат
Телефон: +7 775 451 7007
Instagram: @aqua_the_best