menu
Жабу

Кеңес ал!

Ана қамқорлығы – балаларға көмек көрсету орталығының негізі

Жаңалықтар
13.03.2025

Оспанова Нұршат Әлімжанқызы – Жаңаөзен қаласының тұрғыны, бес баланың анасы ғана емес, өзінің өміріндегі қиындықты игілікті іске айналдырған жан. Ол баласына тиімді оңалту-түзету орталықтарын іздеуден бүгінде ондаған отбасыға көмектесетін орталық құруға дейін жетті. 2013 жылы Нұршат тұңғышын дүниеге әкелді. Алайда ана болудың қуанышы уайыммен ұштасып жатты: ұлы тым мазасыз, атын атаса селт етпейтін, сөйлемейтін еді. Үш жасында дәрігерлер оған аутизм спектрі бұзылысы (АСБ), зейін жетіспеушілігі мен гиперактив синдром (СДВГ), сондай-ақ мінез-құлық ауытқулары бар деген диагноздарын қойды. Отбасы дәрі-дәрмекпен емдеу, логопедпен жұмыс, массаж, бейімделген және емдік дене шынықтыру секілді ұзақ мерзімді емдеу процесін бастады. Біраз уақыт өткен соң бала сөйлей бастады, оқуға ынтасы оянып, өздігінен әрекет етуге дағдыланды, бірақ белгілі бір қиындықтар сақталып қалды. Жеті жылдан кейін, 2020 жылы, Нуршат төртінші қызын дүниеге әкелді. Өкінішке қарай, ол да тым белсенді болып, сөйлемейтін еді, ал дәрігерлер оған психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі диагнозын қойды. 2022 жылы балалар Санкт-Петербург қаласында оңалту курсынан өтті. Томатис әдісі, праксис, ритмбос, массаж және басқа да түзету әдістері қолданылды. Нәтижелері таңқаларлық болды: ұлы анағұрлым өз бетінше әрекет ете бастады, ал қызының жағдайы айтарлықтай жақсарды. Алайда, Ресейдегі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты отбасына екінші курсқа бару мүмкін болмады, сондықтан оңалту Алматыда жалғасты. Нуршат өз өңірінде Томатис әдісі секілді тиімді түзету бағдарламаларын ұсынатын орталықтардың жоқ екенін түсінді. Ерте араласудың маңыздылығын ескере отырып, ол бұл әдісті өзі зерттеуді шешті. Ол осы саладағы жетекші мамандардың бірі, Альфред Томатистің ізбасары бельгиялық профессор Джозеф Вевоорттан білім алды. Балаларына ғана емес, басқа да отбасыларға көмектесу үшін Нуршат Оспанова Жаңаөзен қаласында сөйлеу және когнитивті дамуды түзету орталығын ашты. 93 шаршы метрлік жалға алынған ғимаратта даму ерекшеліктері бар 30-дан астам бала көмек алуда. Орталық келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • -сөйлеу дамуының кешеуілдеуі (СДК, ОНР, дизартрия, дисграфия, дислексия);

  • -психомоторлық дамудың кешеуілдеуі (ПДК);

  • -зейін жетіспеушілігі мен гиперактивтілік синдромы (СДВГ);

  • -аутизм спектрі бұзылысы (АСБ).

Ата-аналардың алғысы мен балалардың жетістіктері орталық жұмысының тиімділігін растайды. Әрбір жаңа сөз, жаңа дағды немесе кезекті жетістік – мамандар командасы үшін басты мотивация. Нуршат Оспанова Жаңаөзенде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы көмек көрсететін толыққанды нейропедагогикалық орталық ашуды армандайды. Осы мақсатта ол қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 179,4 шаршы метрлік ғимаратты сатып алуды жоспарлайды.

Логопедиялық орталық жобасы «Банк ЦентрКредит» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қаржылай қолдау тапты. Несие мөлшерлемесі 21,75%-ды құрайды, оның ішінде кәсіпкердің түпкілікті мөлшерлемесі 7% болады, қалған айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Мекенжай: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы шағын ауданы, 22а ғимараты.

Телефон: +7 771 221 76 76

Instagram: logointime_zhanaozen