menu
Жабу

Кеңес ал!

Сауда-саттықтан өз өндірісіне дейінгі жол

Жаңалықтар
11.03.2025

Ашим Салима Нұрымқызы 2020 жылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнесін ыдыс саудасынан бастады. Бірнеше жыл табысты жұмыс істеп, клиенттердің сеніміне ие болып, нарық қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік туды. Бұл бизнесті кеңейтуге және өндіріске қарай бет бұруға шабыт берді.

2023 жылы корпустық жиһаз шығаруды бастау туралы стратегиялық шешім қабылданды. Бұл үшін Jusan Bank АҚ-нан қарыз алып, жиһаз шығаратын 3 жабдық сатып алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен қарызын субсидиялап, кепілдік алды. Бұл өз өндірісін ашуға және клиенттерге сапалы және қолайлы бағада жиһаз ұсынуға мүмкіндік берді.

Қазір компания өнімін бөлшек саудалайды. Болашақта өндірісті кеңейту, қосымша құрал-жабдықтар сатып алу, клиенттерді арттыру және көтерме сауда нарығына шығу жоспарланған.

Компанияның артықшылықтары:

  • Қолайлы баға – өз өндірісі есебінен бәсекелестерге қарағанда неғұрлым тиімді шарттар ұсынады.

  • Икемді тәсіл – клиенттің қажеттілігіне қарай жиһазды жеке таңдау.

  • Өсу – өндірістің ұлғаюымен ассортиментті кеңейтіп, сервисті жақсарту.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, Көкөзек 1

Тел.: +7 700 717 7055

Instagram: otau.mebel