menu
Жабу

Кеңес ал!

«ТемирЭнергоСтрой» ЖШС: от, жылу және сенімділік ұясы

Жаңалықтар
17.03.2025

«ТемірЭнергоСтрой» ЖШС – металл бұйымдары мен металл конструкцияларын, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жаратуға және жылу өндіруге арналған заманауи жабдықтарды өндіруге маманданған кәсіпорын. Компания өнеркәсіптік және коммуналдық секторға сапалы шешімдер ұсына отырып, 2001 жылдан бері нарықта табысты жұмыс істеп келеді.

Өндіріс бағыттары:

1. Металл бұйымдары мен металл конструкциялары

«ТемірЭнергоСтрой» ЖШС металл бұйымдарының кең түрін шығарады. Оның ішінде тіреу конструкциялары, резервуарлар, үлкен ыдыстар, баспалдақтар, қоршаулар және құрылыс, өнеркәсіп пен энергетикада қолданылатын басқа да элементтер бар. Өндіріс қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, бұл кез келген күрделіліктегі тапсырыстарды жоғары дәлдікпен және сенімділікпен орындауға мүмкіндік береді.

2. Инсинераторлар – қалдықтарды экологиялық таза кәдеге жарату

Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі қатты тұрмыстық, медициналық және өнеркәсіптік қалдықтарды жағуға арналған пеш – инсинераторлар өндірісі. Олар: зиянды заттарды ауаға мейлінше аз шығарып қалдықтарды тиімді термиялық кәдеге жаратуды; экологиялық стандарттарға сәйкестікті; пайдалану қауіпсіздігі мен үнемділікті қамтамасыз етеді.

3. Су жылыту пештері – түрлі объектілер үшін сенімді жылу көзі

Компания тұрғын үй, өндірістік және ауыл шаруашылығы үй-жайларын жылытуға арналған су жылыту пештерін шығарады. Олар: Жоғары энерготиімділікпен, Ұзақ мерзімділікпен және шамадан тыс жүктемелерге төзімділікпен, Әмбебаптылықпен - отынның әртүрлі түрлерінде жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

«Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2024 жылы өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша ағымдағы қызметті кеңейту үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан қаражат алды және кепілдікті қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры өз кепілдігін берді.

Компания облыстық және өңірлік көрмелердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы «Ұлттық экономика министрлігі» сертификатымен расталып, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Шығыс өнеркәсіп аймағы, Мичурин көшесі 16/4 В

Телефон: + 7 (7213) 98-15-21, + 7-700-098-15-21

Сайт: www.plm.kz