menu
Жабу

Кеңес ал!

Өлшеу дәлдігі

Жаңалықтар
17.03.2025

«Қазэлектромаш» ЖШС 1991 жылы Семей қаласында трансформаторлық қосалқы станцияларды монтаждау мен баптаудан бастап әуе және кабельдік электр беру желілерін салуға дейінгі электр монтаждау жұмыстарының кең спектрін орындайтын кәсіпорын ретінде құрылды.

Электр энергетикасы саласында жұмыс істеген жылдары «Қазэлектромаш» ЖШС электр монтаждау учаскелерінің күшімен жүз километрден астам кабель желілерін, жүз километрден астам әуе электр беру желілерін монтаждады, ондаған километр сыртқы жарықтандыру желілері іске қосылды, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы 50-ден астам трансформаторлық қосалқы станцияларды салуды және одан әрі техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырды.

Қазір «Қазэлектромаш» ЖШС Қазақстанның кез келген жерінде электр монтаждау жұмыстарын өз бетінше жүргізу бойынша өндірістік-техникалық мүмкіндіктерге ие. Шығарылатын өнімнің кең номенклатурасы, тапсырыстарды орындаудың қысқа мерзімдері, қолжетімді бағалар және жеңілдіктердің икемді жүйесі кәсіпорынға салалық нарықта мықтап нығая түсуге, тұрақты серіктестер табуға мүмкіндік берді.

Компания «Bereke Bank» арқылы несие алды. «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында компания сыйақы мөлшерлемесісін жылына 21,5%-дан, 8%-ға төмендетті.

«Қазэлектромаш» ЖШС директоры Распопин Виталий Леонидович кәсіпорынды дамыту үшін болашақта Қазақстан ғана емес одан тыс жерлерде де өткізу нарығын кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін игеру, қаптаманың қазіргі заманғы түрлерін енгізуді жоспарлап отыр.

+7 (7222) 516700

Абай облысы, Семей қ., Северный промузел 14 а

Сайт: kemash.kz