menu
Жабу

Кеңес ал!

Fully Healthy & Delicious ұсынған табиғи дәм әлемі

Жаңалықтар
18.03.2025

Тосап – бала кезінен таныс және көне тарихы бар десерт. Тосаптың туған жері Ежелгі Греция деп есептеледі. Гректер айва жемістерін баяу отта балмен қайнатып жасайтын. Бұл рецепт кейінірек римдіктердің қолына түсті.

Шығыс халықтары да осы тәттіге әуес болды. Джем жемістерден, балдан және раушан суынан жасалды, ал парсылар дайындау кезінде балдың орнына қантты қолдана бастады, сол арқылы еуропалықтарға жетті.

Еуропада джем XIV ғасырда, отарлық аумақтардан қант жеткізу жолға қойылған кезде пайда болды.

Бұл десерт Ресейде дастарханнан лайықты орын алды. Дворян отбасыларда әрбір қыз джем жасау өнерін меңгеруі керек деп есептелді. Сондықтан әр отбасында бөгде адамдардан жасырылған және ұрпақтан ұрпаққа берілетін өзінің ерекше рецепті болды.     

Алматы қаласындағы осындай өнім шығаратын компаниялардың бірі – 2019 жылдың 3 желтоқсанынан бастап консерві өнімдерін өндірумен айналысып келе жатқан «Fully Healthy & Delicious» ЖК. Оны Жұмаділова Роза Атомбекқызы ашқан. Бүгінде компания «Банки Шеф» брендімен өнім шығарады.

«Біз маусымдық, табиғи көкөністер мен жидектерден жасалған консервілерді өндірушіміз. Біздің компания нарықта 5 жылдан астам жұмыс істейді және осы уақыт ішінде өнімдеріміздің жоғары сапасының арқасында тұтынушылардың сеніміне ие болды», - дейді компанияның негізін қалаушы Жұмаділова Роза Атомбекқызы.

Қазір табиғи өнімдерге деген сұраныстың күннен-күнге артып отырғандығына байланысты кәсіпкер «Фридом Банк Казахстан» АҚ арқылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша өндірісті кеңейту үшін қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 21,75%-дың 13,75%-ын құрайды. Қаражат айналым қаражатын толықтыру мақсатқа жұмсалады.

Сайт: @bankichef

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Думан ы.а., Арыс к-сі,32/39

Байланыс телефондары : +7 705 555 85 06