Кеңес ал!
Атырау облысында «Эверест» ЖК жұмысын 2018 жылы клиенттерге қойма жайларды жалға беруден бастады. Осы жылдар ішінде компания қоймалардың жұмысын оңтайландыру, тауар жеткізу ісін басқару, операциялық тиімділікті жақсарту бойынша бизнес-процестерді автоматтандыра отырып, IT-қызметтерді дамытты.
Мұнымен қатар кәсіпкер бизнестің ауыл шаруашылығы саласында тағы бір бағытымен айналысуға шешім қабылдады. Ол – топырақсыз өсімдік өсіру әдісі – гидропоника болатын. Бұл маусым мен ауа райына қарамастан жаңа өнім алуға мүмкіндік беретін пайдалы әрі қызықты іс.
Қазір «Эверест» ЖК гидропон жүйесі – тұрақты өсіру циклінде 30 912 көшетті қамти алатын, қуатты базасы бар заманауи өндіріс. Компания базилик, шпинат, руккола, кинза секілді жапырақты көкөністер өсіреді. Оларға мейрамханалар мен бөлшек саудада сұраныс жоғары. Микрожелек – салауатты өмір салтын ұстанушылар мен дұрыс тамақтанушылар арасында барған сайын танымал болып келе жатыр әрі дәрумендер мен минералдарға бай. Бұл өнім жоғары қоректік құндылығы мен қолжетімділігімен ерекшеленеді. Сол себепті нарықта сұраныс толастамақ емес. Дәрілік және хош иісті өсімдіктер - шай қоспалары, косметикалық және фармацевтикалық индустрияда да пайдаланылады. Компания суды қайта циркуляциялаудың тұйық жүйесін қолданады, бұл дәстүрлі егіншілікпен салыстырғанда су ресурстары 90% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Эверест» ЖК микрожелек өсіруге арналған жабдықтар сатып аларда «Қазақстан Халық банкінен» 19,25%-бен несие алды. «Даму» қоры АҚ «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында оның 10,25%-ын субсидиялады. Қалған 9%-ын ғана кәсіпкер төлейді.
Алдағы уақытта компания өндірісті кеңейтіп, жаңа технологияларды қолдана отырып, дақылдар ассортиментін ұлғайтуға ниетті.
Атырау қаласы, Ақ жайық шағын ауданы, Алтынкөл өткелі, 12
+7 (777) 653 09 60
инстаграм: @herbalfoodkz