menu
Жабу

Кеңес ал!

STEPPE WORKS: «Заманауи интерьерге арналған жасырын есік өнері»

Жаңалықтар
19.03.2025

Заманауи интерьерде әрбір бөлшек өз рөлін атқарады. Есік – жай ғана функционал элемент емес, жалпы стильдің, үйлесімділіктің және эстетиканың бөлігі. 2018 жылы Астана қаласында құрылған «Steppe Works» ЖШС есіктің жай ғана кеңістіктер арасындағы қалқан емес, нағыз өнер туындысы бола алатынын дәлелдеді. Заманауи дизайнерлік шешімдер интерьерді безендіруде жеңілдік, сызықтардың тазалығы, артық бөлшектердің болмауы секіді жаңа тәсілді талап етеді. Дәл осы қағидаттар Steppe Works компаниясының «жасырын есіктер» тұжырымдамасының негізінде жатыр. Арнайы қораптардың конструкциясы мен минимализм дизайнының арқасында мұндай есіктер қабырғамен бірігіп, кеңістіктер арасында көрінбейтін өткел әсерін тудырады.

Компания тек қана табиғи ағаш пен алғашқы шикізаттан жасалған алюминий конструкцияларын пайдаланады, бұл өнімдердің ұзақ мерзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісте заманауи технологиялар қолданылады, ал әрбір есік тапсырыс берушінің тілектерін ескере отырып, жеке жасалады. «Steppe Works» ЖШС әр жолы түрлі инновацияларды қолданып, пайдаланылатын материалдарды жақсартуға тырысады.

2024 жылы компания бизнесті кеңейту, сапалы ағаш бұйымдарын өндіру үшін шикізат пен материалдарды сатып алу мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қарыз қаражатын алды. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында пайыздық мөлшерлемені 21%-дан 8%-ға дейін төмендетуге бағытталған қолдау және кепілдендіру құралы бойынша көмек алды.

Бүгінгі таңда «Steppe Works» ЖШС өз өнімдерінің тек әдемі ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы болуын қамтамасыз етті:

  • Жасырын топсалар – көп жылдық пайдалануға төтеп беретін сенімді механизм.

  • Дыбыссыз магниттік құлып – тегіс және жеңіл жабылу.

  • Магниттік тоқтатқыш – есікті қажетті қалыпта бекітеді.

  • Жылжымалы ақылды табалдырық – жел мен шаңнан қорғайды.

Бұл жай ғана есік өндіруші емес, стильді және заманауи интерьерлерді жасауға көмектесетін кәсіби мамандар тобы. Компания жеке тапсырыс берушілермен, дизайнерлермен және сәулетшілермен жұмыс істейді, жобаларды іске асыруда жеке тәсіл мен икемділікті ұсынады.

Мекенжайы: Астана қ., Керей Жәнібек хандар даңғылы, 28

Телефон: 8 775 888 13 43

E-mail: steppedoors@gmail.com