Кеңес ал!
Түркістан облысындағы Машат шатқалы – табиғаты көркем, тау өзені ағып жатқан демалуға таптырмас мекен. 2019 жылы ТОО «Темірші» компаниясы туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи қонақүй кешенінің құрылысын бастады.
«Темірші» компаниясы өз жұмысын 2004 жылы жүк тасымалы және құрылыс материалдарын жеткізуден бастады. Уақыт өте келе кәсіпорын қызмет аясын кеңейтіп, көлік жалға беру нарығында өз орнын тапты. Қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізген соң, туризм саласына инвестиция құю туралы шешім қабылдап, Машат шатқалында демалыс кешенін салу идеясы пайда болды.
Бүгінде 4 гектар аумақта орналасқан «Айсберг» кешені – өңірдегі ең заманауи демалыс орындарының бірі. Мұнда қонақтарға келесі қызметтер ұсынылады:
Бұл жай ғана қонақүй емес – табиғат пен жайлылық үйлесім тапқан ерекше демалыс мекені.
Жобаны іске асыру үшін компания «ForteBank» арқылы 21% мөлшерлемемен несие рәсімдеді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» қоры несие мөлшерлемесінің 14%-ын субсидиялап, кәсіпкер тек 7%-ын төлейді.
– Машат шатқалы – ерекше табиғи орын. Біз бұл жерде адамдарға жайлы демалып, табиғаттың үйлесімділігін сезінуге мүмкіндік жасағымыз келді. «Айсберг» – бұл тек қонақүй кешені ғана емес, жайлы демалыс аймағы, – дейді компания басшысы Ерген Темірхан Талғатұлы.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылы, Жаңақұрылыс көшесі, 19-учаске
Телефон: +7 775 071 9720