Кеңес ал!
Сым түрінде тартылған металл, сутуга, керме, металл жіп, ішек, иілгіш, суық металды созу арқылы алынатын бұйым, металл бау. Сым бұрын соғу арқылы, кейінірек жаймалау немесе сымды илеу арқылы алынатын. Қазір иілгіш металды суық күйде созу арқылы алады. Алматыдағы осындай өнім шығаратын компаниялардың бірі «АМК-Метиз» ЖШС.
Кәсіпорын қызметін 2013 жылы «Даму» қорының қолдауымен бастаған. Кейіннен «Еуразиялық банктен» компания 21,75%-бен несие алғанда «Даму» қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 13,75%-ын субсидиялады. Кәсіпкер 8%-мен қарыз төлейді. Сондай-ақ «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға да жеңіл несие алды. Сонымен қатар, компания «Даму» қорының кепілзатын да пайдаланды. Қаражат өндіріске шикізат сатып алуға жұмсалды.
Осындай қолдаулар арқасында компания шикізат өңдеу және дайын өнім шығарудың бірнеше кезеңдерін қамтитын заманауи өндіріс кешенін құрды. Өндіріс орындары жоғары технологиялық жабдықтармен, сондай-ақ Алматыда жабық қоймалары бар.
2023 жылы компания жеке клиенттермен жұмыс істеу үшін бөлшек сауда желілерін ашу, Шымкент және Астана қалаларында желіні кеңейту арқылы өз қызметін кеңейтті.
«АМК-Метиз» ЖШС өңірдің экономикасын мақсатты түрде дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.
Сайт: @amkmetiz
Мекен жайы: Алматы қ-сы, Бекмаханов к-сі, 96/4
Байланыс телефондары : +77018008593