menu
Жабу

Кеңес ал!

Өскемен арматура зауыты

Жаңалықтар
27.03.2025

Өскемен арматура зауыты – 50 жылдық тарихы бар, Қазақстан мен ТМД-дағы өнеркәсіптік құбыр арматурасын өндіретін ірі кәсіпорын.

Өткен ғасырдың 70-жылдарында Батыс Сібірде мұнай мен газ кен орындарын белсенді игеру басталды. Мұнай-газ саласы үшін құбыр арматурасын өндіру бойынша өндіріс құру қажеттігі туындады.

Дәл сол кезде 1973 жылы Өскеменде арматура зауытының құрылысы басталды, ал 1975 жылы оның «Қазтяжпромарматура» (кейінірек «Иұнай-Газмаш»АҚ) құрамындағы алғашқы бөлігі іске қосылды. Бірінші кезекте стандартты емес жабдықтар цехы іске қосылды, ол зауыттың құрылысын жеке дайындалатын жабдықтармен қамтамасыз етуі тиіс. Бас ғимараттың өндіріс алаңдарымен қатар инженерлік желілері бар зауыттың барлық дерлік тіршілікті қамтамасыз ету объектілері пайдалануға берілді.

90-жылдардың басында Кеңес Одағының ыдырауы, қаржы және саяси жүйенің күйреуі зауыттың дамуына да кері әсерін тигізді.

Алайда, кәсіпорынның мықты кадрлық құрамының арқасында 1998 жылы «Мұнай-Газмаш» базасында 3 зауыт, оның ішінде Өскемен арматура зауыты құрылды. Осы сәттен бастап Өскемен арматура зауыты жандана бастады. Өнімнің жаңа түрлері игерілді, клиенттермен бұрынғы серіктестік қатынастар қалпына келтірілді.

«Өскемен арматура зауыты» АҚ-да Lloyd, s Register Quality Аѕѕигапсе компаниясы мақұлдаған интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілді және сертификатталды. Оған ISO 9001, ISO14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары бойынша сапа жүйесі, экологиялық менеджмент жүйесі, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі кіреді. «Өскемен арматура зауыты» АҚ интеграцияланған менеджмент жүйесін Орал өңіраралық сертификаттау орталығы дайындады.

30 жылдан астам уақыт бойы зауыт АҚ Қазақстанның мұнай-газ саласының жетекші машина жасау кәсіпорны деп аталу құқығын сақтап келеді. Біздің өнімдер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде: Ресейде, ТМД мемлекеттерінде, сондай-ақ алыс шет елдерде жақсы танымал.

Зауыт өнімі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стандарттарына сәйкес дайындалады. Өнімнің сапасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сәйкестік сертификаттарымен расталды. Барлық сатып алынатын өнімдер уағдаластық бойынша және тұтынушыға ыңғайлы жағдайларда қоймаға автомобиль және теміржол көлігімен жеткізілуі мүмкін.

Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 2021-2025 жылдар» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестицияларға несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 8% - ға дейін төмендетілді

+7 771 133 88 88

ШҚО, Өскемен қ., Машина жасаушылар к-сі, 1/7 үй