menu
Жабу

Кеңес ал!

«Abyroi School Oral»: ҰБТ-ға дайындайтын ең үздік мектеп

Жаңалықтар
28.03.2025

Жеке мектеп – мемлекеттік стандарт бойынша білім беретін, бірақ мемлекет меншігінде емес оқу орны.

Орал қаласындағы «Abyroi School Oral» мектебі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 1-11 сынып аралығында 400 оқушы білім алуда. Оқыту мемлекеттік бағдарламаға сәйкес үш тілде жүргізіледі.

Бұл мектепте оқуға қолайлы барлық жағдай жасалған: жарық сыныптар, жайлы әкімшілік кабинеттер, дәмді асхана, медициналық бөлме, кең акт және спорт залдары.

«Abyroi School Oral» – тәжірибелі және дарынды мұғалімдер балалардың өздерін жайлы сезінетін және өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, саналы, ойлы және тәуелсіз тұлға болатындай ерекше атмосфераны қалыптастыратын орын.

«Даму» қорының қолдауының арқасында «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептің ішкі жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Bereke Bank» АҚ-да несие берілді, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20,75%, оның 11,75% -ы Қормен субсидияланады. Сондай-ақ кепілдік қолдаудың жоқ бөлігі үшін «Даму» қорының кепілдігі ұсынылды.

Білім беру ұйымының мақсаты: Білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адмзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау бағытына дұрыс бағар беріп, ҰБТ тапсыруда жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 2/1

Телефон: +7 707 485 39 52

instagram: abyroischool_oral