Кеңес ал!
«Жансо» ЖШС 01.10.2018 жылы тіркелген. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және директоры – Жолымбетов Беибит Жолдасбекұлы.
Компания ыдыс-аяқ пен электр тауарларын көтерме-бөлшек саудалаумен айналысады.
Бір рет қолданылатын ыдыстарды сату саласында тәжірибе жинаған соң кәсіпкер бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын жаңа өндіріс ашуға бел буды. Ол үшін жабдықтар сатып алу үшін қаражат қажет болды.
Өндірісті іске қосу идеясын дамыту үшін компания басшылығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгінді. Мемлекеттің қолдауымен несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алған соң «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл филиалына несиеге өтінім берді. Банк өтінімді қарап, «Даму» қоры мақұлдап, жобаны «Даму-Оптима» кепілдігімен «Jambyl Business» өңірлік даму бағдарламасы аясында қолдады.
Несие қаражатына кәсіпкер Қытайдан пластик ыдыстар шығаратын заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, 5 жұмыс орнын ашты. Яғни, бюджетке салық түсімін ұлғайтып, кірісін арттыруға ұлғайтуға мүмкіндік туды. Компания бір рет қолданылатын стакандар, тәрелкелер, түрлі ыдыстар, контейнерлер, шанышқылар, қасықтар шығаратын өндірісті жолға қойды. Бизнес аясында дәмхана, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, фуд-корттар, дүкен және пластик ыдыстарды пайдаланатын компаниялармен ынтымақтастықты қамтуы жоспарланып отыр.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі, 8 Б
Телефон: +7707-901-00-27