Кеңес ал!
«Провиант Групп Дистрибьюшн» ЖШС 2017 жылы өз қызметін бастап, азық-түлік, атап айтқанда, құс етін сатумен айналысты. Жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен нарықты терең түсіну компанияға жаңа деңгейге көтерілуге – өзінің ет өңдеу өндірісін құруға мүмкіндік берді.
2023 жылы компания алдында маңызды стратегиялық міндет тұрды: өз ет өңдеу кешенін ұйымдастыру. Осы мақсатты іске асыру үшін қолайлы өндірістік алаң – ет өңдеу зауыты табылып, оны сатып алу туралы шешім қабылданды.
Жобаны жүзеге асыруға айтарлықтай қаржылық салымдар қажет болды. Бұл мақсатқа жету үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бизнес қолдау бағдарламасы аясында несие қаражаты тартылды. Өз кепілінің жеткіліксіздігін «Даму» қорының кепілдігі өтеп, қаржыландыруды сәтті алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, компания:
Бүгінде «Провиант Групп Дистрибьюшн» ЖШС – өзіне тиесілі ет өңдеу зауыты бар қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауытта мал сою цехы, жартылай фабрикаттар мен шұжық өнімдерін өндіру цехы жұмыс істейді. Компанияда 100 қызметкер бар. 15 фирмалық сауда нүктелерін басқарып, әрі қарай кеңеюді жоспарлауда. «MAGNUM», «Северный», «Семейный» және «Aimer» сынды ірі сауда желілерімен серіктестік орнатқан. «DASTUR» брендімен жартылай фабрикаттар, ет деликатестері және ерекше сыйлық бокстарын шығарады.
DASTUR бокс – ғасырлар бойғы дәстүрлердің, құрмет пен қазақ қонақжайлылығының көрінісі. Мұндай сыйлық беру – сөзбен жеткізе алмайтын шынайы құрмет пен ризашылықты білдіру. Бокстың құрамында 10-12 кг таза, мұқият таңдалған ет бар, ол нағыз бешбармақ әзірлеуге лайықталған. Сондай-ақ, бокстың ішінде ең жақсы ет деликатестері: кесеге ет, ұмыртқа, белдеме, жамбас, жал, қарта, шұжық және міндетті түрде қазы бар. Бұдан бөлек, ыңғайлы болу үшін боксқа астау, кесу тақтайы, пышақ, қысқыш, алжапқыш қосылған. Ал бешбармақтың шынайы дәмін сақтау үшін дәстүрлі әзірлеу рецепті де енгізілген.
DASTUR – жай ғана тағам емес, бұл – ұрпақтарды біріктіретін, кез келген дастарханды нағыз қонақжай ететін құрмет белгісі!
«Провиант Групп Дистрибьюшн» ЖШС – бизнесті сәтті трансформациялаудың айқын мысалы. Қысқа уақыт ішінде компания дистрибуциядан толық өндірістік циклге дейінгі жолды еңсеріп, мемлекет пен банк секторынан қолдау алды. Бүгінде ол нарықта берік орын алып, дистрибьюторлық желісін кеңейтіп, тұтынушыларға сапалы өнім ұсынуды жалғастыруда.
Петропавл қ, М. Ауэзов к-сі, 287
сайт: proviant.group
+7 705 125 84 34