menu
Жабу

Кеңес ал!

Өндірістегі көшбасшы

Жаңалықтар
27.03.2025

«Демеу» фирмасы ЖШС 1993 жылы жылы ғалым, математик және ғылым кандидаты Ғалым Мүбарак ұлы Сыдықов құрған. Ол кезде фирма жұмысын лак-бояу материалдары мен типографиялық жабдықтар үшін көп құрамды еріткіштер өндіру, сондай-ақ құрылыс материалдары мен металл құрылымдарын жеткізуден бастады.

2000 жылдардың басынан компания базальт негізінді минерал плитадан жасалған жылу ұстағыш сэндвич-панельдер және пенополистирол сияқты құрылыс материалдары өндірісін іске қосты. Бұдан басқа, компания жеке ғимараттарды жобалау және салу бойынша қызметтер ұсына бастады. Қазір нарықта сенімді және инновациялық серіктес ретінде танылып, табысты дамып келеді. Сапаны жақсартуға және озық технологияларды енгізуге үнемі ұмтылуы бірнеше бағыттарды қамтитын тиімді бизнес-модель құруға мүмкіндік береді. Компания құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын және химиялық өнімдерді өндіруге маманданған, сондай-ақ жеке объектілерді жобалау және салу бойынша қызметтерді ұсынады.

Флагман өнімдердің бірі – минералды плитадан жасалған жылытқышы бар сэндвич-панельдер, сондай-ақ жоғары сапасымен ерекшеленетін Delice және WIZ брендтерімен тұрмыстық химия. Соңғы жылдары компания өндірісті белсенді түрде кеңейтіп, тез салынатын модульдік ғимараттар мен жылыжайларды қоса алғанда инновациялық жобаларды іске асыруда. 

2024 жылы «Демеу фирмасы» ЖШС «Даму» қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау ала отырып, Банк «RBK»-дан инвестицияға қаржы алды.

Компания кешенді бағдарламаларды кеңейту мен енгізуді жалғастыруда, бұл оған нарықтағы өз позициясын нығайтуға және клиенттерге сапалы және заманауи шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы

+7 (708) 339 39 29, +7 (701) 266 95 45

www.firma-demeu.kz

firma-demeu@mail.ru