menu
Жабу

Кеңес ал!

Атыраулық кәсіпкер «Даму» Қорынан қолдау алып, кәсіпорнына жаңа технологиялар енгізді

Жаңалықтар
28.03.2025

Наубайхана өндірісі – ел экономикасын дамытудағы жетекші салалардың бірі.

Ірі нан-тоқаш зауыттарына қарағанда шағын наубайханалардың мүмкіндігі анағұрлым мол екенін тәжірибе көрсетіп келеді. Мұндай шағын наубайханалар тұтынушылардың талаптарына тез бейімделіп, ө рецептурасы мен технологияларын өзгерте алады.

Атырау облысының нарығында осы салада еңбек етіп келе жатқан жеке кәсіпкердің бірі – Асланбек Әшенов. Ол 2017 жылдан бастап халыққа бидай және қара бидай ұнынан пісірілген нан, диеталық нан-тоқаш сияқты өнімдердің кең ассортиментін ұсынуда.

Қазір кәсіпорында 21 жұмыс орны ашылған. Тәулігіне шығатын тонна өнім «Ремми маркет», «Сарайшық», «Дина», «Мұрагер» базары сияқты қаланың сауда орындарында сатылады.

«Компания өнім сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар технологиялық желілердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ресурстар мен шикізатты ұтымды пайдалануға да көп көңіл бөледі», - дейді Асланбек Ашенов.

«Ашенов А.К» ЖК компаниясы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шешім қабылдап, «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 19,25%-бен несие алды. Оның 11,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал 8% айырмасын кәсіпкер төлейді.

Бұл қолдау компанияларға жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру және нан-тоқаш өнімдерінің ассортиментін кеңейту бойынша жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік берді.

Атырау қ. Геолог ш/а, «Атырау-Доссор» тас жолы, 72 құрылыс

тел: +7 7122317906

эл почта: shamshidenova57@mail.ru