Кеңес ал!
«Добрыня» компаниясы – тот баспайтын болаттан жасалған гофрленген икемді құбыр шығаратын Қазақстандағы жалғыз өндіруші. Кәсіпорын 2014 жылы Өскемен қаласында іске қосылды.
Компания сантехникалық тауарлар мен қызметтер нарығында Корея, Ресей және Қытайдың жетекші өндірушілерімен ынтымақтастық орнатып, 2009 жылдан бастап қызмет көрсете бастаған. Бастапқыда өздері жеткізетін материалдар көбінесе сапасыз болып, балама өнімдер іздеуге мәжбүр болды. Тот баспайтын болаттан жасалған гофрленген құбырға таңдау сол кезде түсті. Ең дұрысы – осы өнімді сырттан тасымай өздері шығару еді.
2014 жылы олар «DOBREN» сауда белгісін тіркеп, тот баспайтын икемді құбырлар шығара бастады. Қазір бұл өнімдер сантехникалық бригадалар мен шеберлер арасында зор сұранысқа ие. Тұтынушылар бұл материалдың әдемі, оңай монтаждалатын және берік екенін мойындады.
Компания инвестиция қажет болғанда «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында «Даму» Қоры кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлемені жылына 6%-ға дейін азайтып, субсидиялады.
Өндірілетін өнімнің сапасын жақсартуға үнемі ұмтылу, инновацияларды уақтылы енгізу және ең жақсы нәтижеге жету үшін қажырлы жұмыс компанияның үздіксіз дамуына және тұтынушыларды 10 жылдан бері өнім мен қызмет сапасымен қуантуға мүмкіндік берді.
+7 705 500 18 83
ШҚО, Өскемен қ., Буров к-сі, 69