Кеңес ал!
Статистика бойынша өндірушілердің барлығына дерлік бизнестегі алғашқы қадамын сауда-саттықтан бастайды. Өзі сауда жасаған саланы жете біліп, нарықты түсініп, зерттей келе сатып жатқан дүниесін сырттан тасымай өзі де шығара алатынын байқайды. Соның нәтижесінде отандық кәсіпорындардың іргетасы қалана бастайды.
Көкшетаулық Эдуард Владимирович Грязнов та 2006 жылдан бастап көтерме бөлшек саудамен айналысқан. Бірнеше жылдан кейін кәсіпкер ұзақ мерзімді табысқа жету үшін саудамен айналысып қана қоймай, өзі де өндіріс бастауы қажет екенін түсінді.
Бұл идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank»-тан 19,75% пайыздық мөлшерлемемен несие алды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында оның 11,75%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялауға қол жеткізді. Кәсіпкер тек 8%-бен ғана қарыз төлейді.
Алған қаражат өндірісті іске қосуға, процестерді автоматтандыруға және жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік берді. Бүгінде «Эдуард Владимирович Грязнов» ЖК – табандылығының арқасында сұранысқа ие, сапалы бұрандалар шығаратын кәсіпорынға айналды.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179-үй.
Тел. +7 701 880 81 11
почта: asiatog2015@mail.ru