Кеңес ал!
Қазақстанда кеңінен танымал «MATEX» ЖШС компаниясы 2018 жылы құрылды. Оның негізін қалаушы — кәсіпкер Арамаис Тер-Аствацатурян. Компания стартаптан нарық көшбасшысына айналып, өнімдерін тек Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейге де жеткізеді.
Өз өндірісін нөлден бастап құру — оңай міндет емес. Алғашқы қадамдар көптеген қиындықтарға толы болды: жабдықтаушыларды табу, жабдықтарды реттеу, білікті мамандарды тарту оңай емес еді. Алайда MATEX командасы ерік-жігерін жоғалпады. Олар заманауи технологияларға инвестиция салып, еуропалық жабдықтар сатып алып, шет елдің үздік мамандарынан білім алған мамандарды жұмысқа қабылдады. Бұл оларға нарық трендтеріне ғана сәйкес келіп қана қоймай, жоғары сапа стандарттарын орнатуға мүмкіндік берді.
MATEX үш негізгі қағидаға сүйенеді: тек үздік шикізат — тек Түркия мен Өзбекстаннан алынған жоғары сапалы тексерілген шикізат пайдаланылады, заманауи технологиялар — өндіріс еуропалық жабдықта жүзеге асырылады, бұл өнімдердің ұзақ өмір сүруін және дәлдігін қамтамасыз етеді, үздіксіз даму — компания қызметкерлері үнемі өз білімдерін арттырып отырады, бұл технологияларды жетілдіруге және өнімді жақсартуға мүмкіндік береді.
«MATEX» ЖШС кеңейіп жатқан ассортименті 50 астам өнім атауынан тұрады: ерлер, әйелдер және балаларға арналған шұлықтар, гольфылар, қысқы шұлықтар, бас киімдер, шарфтар және басқа да бұйымдар.
Әрбір бұйым мәдинетке деген махаббатпен жасалады. Клиенттер MATEX өнімдерін тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар жайлылығымен де ерекшеленетінін айтады. Компания әрқашан тұтынушылардың қажеттіліктеріне құлақ асып, ассортиментті кеңейтіп, жаңа дизайнерлік шешімдерді енгізеді.
«MATEX» ЖШС бизнес қолдаудың мемлекеттік мүмкіндіктерін пайдаланған. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында компания «ForteBank» АҚ айналым қаражатын толықтыру үшін бизнес-несие алған. Несие бойынша бастапқы пайыздық мөлшерлеме 19,5% болғанымен, «Даму» қорынан 11,5% субсидиялар арқасында компания үшін нақты пайыздық мөлшерлеме 8% төмендеді. Бұл MATEX өсу қарқынын тездетуге және өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Компания қол жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмайды: үздіксіз даму, жаңа технологияларды енгізу және ұсақ-түйектерге назар аудару MATEX позицияларын нығайтуға және алға жылжуға көмектеседі. Негізгі мақсат — тек шұлық өнімдерін шығару емес, сенім артатын және мақтан тұтатын бренд құру.
Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 249
Тел: +7 (701) 031 66 64
E-mail: matex-socks@mail.ru
Сайт: matexmarket.kz
Instagram: @factorymatex