Кеңес ал!
«Хим Универсал» ЖШС 2021 жылдан бері жылу оқшаулағыш плита –
полистирол шығарумен айналысады.
Өндірістегі бұған дейін қолданыста болған жабдық жұқа полистирол шығаруға арналған болатын. Оның жылу ұстау қабілеті аса жоғары емес. Сол себепті тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие бола қоймады.
Қалың полистирол шығарып, өнім көлемін арттыру үшін компания басшылығы жаңа жабдық сатып алуға шешім қабылдады. «Қазақстан Халық Банкінен» осы мақсатта несие алған кезде жобаны «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, кепілдік берді.
НеБұл қаржат компанияға Австриядан жаңа жабдықтар сатып алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде халық сұранысын қанағаттандырып, өндірісті жаңғыртып, тауар сапасын жақсартуға қол жеткізді.
Instagram: @thermoporkz
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Көшеней көшесі 184 Г
Телефон: +7707 900 21 04