Кеңес ал!
«Бродмастер» ЖШС – қолөнер мен сапаға деген сүйіспеншіліктің өңірде көрнекті брендке қалай айналғаны туралы хикаяның кейіпкері. 2006 жылы «Bakershop» ТМ жанынан құрылған компания қысқа уақыт ішінде қатпарлы қамырдан және кондитерлік өнімдерден жасалған хош иісті тағамдарымен танымал болды. Дәстүрлі рецепттер мен еуропа технологияларын енгізуге басымдық берілді. Бұл – компанияға нарықта өз орын тауып, сатып алушылардың сеніміне ие болып, қаланың танымал сауда үйлеріне тауар өткізуге мүмкіндік берді.
Кондитерлік цех өндіретін негізгі өнімдер – ашытқымен және ашытқысыз нан өнімдері, ет және балық қосылған пирогтар, ет қосылған және вегетариандарға арналған самса, түрлі жартылай фабрикаттар және басқа да аспаздық өнімдер.
«Бродмастер» ЖШС – қарапайым идея-дәмді және сапалы нан пісіру-танымал брендке айналып, қала өмірінде із қалдырғанының көрінісі.
Кәсіпкердің бір жобасы нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер наубайханасын ашу болатын. Ол үшін жабдықтар сатып алуға «ForteBank»-тен жылына 21,75%-бен қарыз алды. Оның 13,75%-ын «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялап, кепілдік берді. Кәсіпкер несиені 6%-бен төлейді.
Ақтөбе. Молдағұлова көшесі, 30а
+77073161025
@bakershop_aktobe