Кеңес ал!
«ЛИМ Сервис» ЖШС 2012 жылы Алматы қаласында құрылған. Негізгі қызметі – түрі әртүрлі материалдардан жиһаз жасау. Кәсіпорын2012 жылы жұмыс бастап, жабдықтар сатып алып, орнатып, қызметкерлер жалдап іс бастадыу. 2014 жылы жаңа техника сатып алып, қызметкерлер санын арттырып, жаңа өндірістік базаға көшті. Ал 2016 жылы цехты жаңғыртып, өнім сапасын арттырып, жиһаздың жаңа түрлерін шығаратын жаңа бөлімдер пайда болды. 2017 жылы жасанды тас өңдейтін секция ашылып, білікті қызметкерлер саны артып, жаңа жабдық сатып алды. 2018-2025 жылдар жаңа құрал жабықтар есебінен өндіріс қуатын арттырып, қонақ үй жиһазын өндіру нарығына шығып, тапсырыс өңдеу жылдамдығын арттырды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен компания «Банк ЦентрКредит»-тен 14%-бен несие алғанда «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі «Даму» Қоры есебінен 8% болды. Ал кәсіпкер 6%-бен ғана қарыз төлейді. Сонымен қатар, компания «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды. Қаражат өндіріске шикізат сатып алуға жұмсалды.
Қолдаудың арқасында компания дайын өнім шығарудың бірнеше кезеңдерін қамтитын заманауи өндіріс кешенін құрды. Өндіріс орындары жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
«ЛИМ Сервис» ЖШС өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Қолдаудың арқасында жалпы өнімді ұлғайту, импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.
Сайт: @limgroupk
Алматы қ-сы, Станиславский к-сі, 43/2
+77714600050