menu
Жабу

Кеңес ал!

Feya Spa - Қазалы ауданындағы жан мен денеге арналған заманауи оазис

Жаңалықтар
09.04.2025

Нұрлан Досанов 2006 жылдан бері бизнеспен айналысады. Ол өз қызметін Қызылорда облысында азық-түлікті көтерме және бөлшек саудалаудан бастады. Жұмыс істеген жылдары ол нарықта онын нық тауып қана қоймай, сонымен қатар жаңа, ауқымды жоба — Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ең ірі кешендердің бірін салу үшін негіз болған құнды тәжірибе жинақтай алды.

Әйтеке би кентінде бассейні бар кең SPA аймағын, жайлы кафе мен караоке-залды, 600 орындық мейрамхананы қамтитын «Feya Spa» заманауи көпфункционалды кешені осылай пайда болды. Бұл кешен жайлылықты, демалысты және сапалы сервистің басын қосып, аудан тұрғындары мен өңір қонақтары үшін нағыз тартымды орынға айналды.

«Feya Spa» кешені ресми түрде 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. Құрылысты аяқтау және нысанды іске қосу мемлекеттік бағдарламаның арқасында мүмкін болды. Компания «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен несие алып, «Даму» Қорының қолдауымен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 14,75%-ын субсидиялады. Кәсіпкер тек айырмасын төлейді.

Қазір «Feya Spa» кешені – демалыс және ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын ашып, Қазалы ауданында өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін, өңірдегі экономикалық дамудың маңызды элементі. Бұл мемлекеттің қолдауының кәсіпкерліктің арқасында жергілікті қоғамды қалай өзгерте алатынының мысалы.

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Пиримов көшесі, 94

Тел: 8 700 370 00 34

Инст: @feya_spa_qazaly