menu
Жабу

Кеңес ал!

Тамаша тіс — тамаша өмір!

Жаңалықтар
14.04.2025

«ДИАСТОМ» — 1991 жылдан бері Шымкент қаласындағы ең үздік медициналық мекемелердің бірі ретінде бедел жинаған клиника. Шағын кабинет түрінде басталған кәсіп бүгінде тіс емдеуден бастап, имплант, протез салу, тіс ағарту және қызыл иек емдеуге дейін қызметтер ұсынатын стоматология орталығына айналды.

Жетістік сыры — кешенді емдеу тәсілі. Мұнда терапевтермен қатар пародонтолог, ортопед, хирургтар мен имплантологтар жұмыс істейді. Барлық мамандар Германия, Жапония және АҚШ-тың заманауи жабдықтарын пайдаланады, қауіпсіздік пен тазалыққа ерекше назар аударылады. Клиника толық стерильді және барлық процедураларға бір жылға дейін кепілдік бар.

2023 жылы клиника «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жаңа жабдық сатып алу үшін «ForteBank»-тен жылына 21,75% мөлшерлемемен несие алды. «Даму» Қоры оның 13%-ын субсидиялады.

Желтоқсан көшесі, 29.
Байланыс: +7-777-818-11-66

Инстаграм: @diastom_shymkent