Кеңес ал!
«NOMAD HOUSE KZ» ЖШС – бірегей патенттелген технологиямен жасалатын геокүмбез үйлердің жалғыз өндірушісі. Бұл үйлердің технологиялық қасиеттері бойынша баламасы жоқ. Компания өндірісті 2023 жылы бастады, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын экологиялық таза, заманауи және тұрақты тұрғын үй шешімдерін жасауға маманданған.
Бірінші кезектегі мақсат – Қазақстандағы геокүмбез үйлер нарығында көшбасшы болу. Қазір мұндай үйлер бүкіл ел бойынша сатылып жатыр. Бұл «домалақ» үйлерде жыл бойы тұруға болады, туристік инфрақұрылым, вахта кенттері, шопан үйлері, әртүрлі коммерциялық құрылыстар (кофеханалар, гүл павильондары) ретінде орнатуға болады. Үйлер экологиялық жағынан таза. Құрылыс кезінде табиғи материалдар пайдаланылып, энергия үнемдейтін технологиялар мен қалдықтарды басқару жүйелері енгізіледі. Бірегей дизайн мен жоғары жылу оқшаулау қасиетінің арқасында минус 60-тан плюс 60 градусқа дейінгі ауа температурасына шыдамды үйлердің қызмет ету мерзімі кемінде 100 жыл.
Айналым қаражатын толықтыру үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алғанда «Даму» Қоры қарыздың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.
Глэмпинг – Қазақстанға жергілікті туристермен қатар, шетелдік қонақтарды да тарта отырып, танымал болуда. Бұл тренд экологиялық таза демалысқа шақырып, табиғатпен үндестікке деген қызығушылықты арттырады.
+7 (705) 661 61 61
Абай облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев 83/1
Сайт: www.nomad-h.kz