menu
Жабу

Кеңес ал!

AGRAL FARM – сүт фермасына арналған жабдықтар өндірісіндегі көшбасшы

Жаңалықтар
11.04.2025

«AGRAL FARM» ЖШС сүт фермаларына арналған жабдықтарды өндіреді. Сонымен қатар, компания Қазақстан аумағындағы «Siloking», «Urban», «Eisele», «KRAIBURG», «Dairymaster» еуропа зауыттарының ресми дилері және стратегиялық серіктесі.

Компания қора қоршаулары, ірі қара малға арналған ветеринарлық станоктар, бұзауларға арналған жеке үйшіктер, телескопиялық қақпалар, диагональды жем қора, жылжымалы жазғы сауу қондырғылары, шыны және болат сүт құбырларын жууға арналған жабдық сияқты көптеген жабдық түрін шығарады

«AGRAL FARM» ЖШС компаниясының директоры Ефим Третьяк табысқа жетудің қандай жолы жасалғанын мақтанышпен айтып, бәрі неден басталғанын есіне алады.

«Біз өз қызметімізді 2017 жылы жүзеге асыра бастадық. Сол кезде мал шаруашылығына арналған барлық жабдықтар өндіріліп, республикаға Ресейден, Беларусьтен, Украинадан, Германиядан, Түркиядан және басқа елдерден әкелінгендіктен, біз үшін мұндай жабдық өндіруді бастау тиімді болды. Біз жалға 150 ш.м. үй-жай таптық және 4 адамнан тұратын штатпен өндіріс бастады. Сол жылы біз 4 млн теңгеге бірінші тапсырысты орындадық. 4 дана сүт қабылдау пункті болды.

2018 жылы біз қызметкерлер құрамын 8 адамға дейін көбейттік және 280 бас ірі қара мал қорасы жасап, орнату бойынша 2 ірі тапсырыс орындадық.

2019 жылы біз өндірісті кеңейттік, атап айтқанда бірінші жартыжылдықта біз екі жаңа өндіріс машинасын сатып алдық – гидравликалық пресс және плазмалық кесу, ал екінші жартыжылдықта біз 550 ш.м. Жаңа үй-жай жалдадық.

2020 жылы біз Павлодар облысында ең ірі тапсырысты орындадық және өндірісті басқару бағдарламаларын енгіздік.

2021 жылы өндіріске жаңа жабдық – ию станогы сатып алынды, сондай-ақ қызметкерлер саны 20 адамға дейін арты.

2022 жылы біз 2000 шаршы метрлік дүкен мен қоймасы бар өз ғимарат сатып алдық. Бұл біздің көптен бергі арманымыз бен мақсатымыз еді. Өйткені өндіріс кеңейіп, бізде жалдайтын алаң аз болды.

2023 жылы қызметкерлер санын 25 адамға дейін көбейттік. Біз бүкіл республика бойынша сүт фермаларынан тек ірі тапсырыстар ала бастадық. Дәл осы кезде бізге шикізатқа қаражат қажет болып, «Қазақстан Халық банкінен» айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,5%-бен 100 млн теңге қарыз алдық. «Даму» қоры осы қарыз бойынша «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның 14,5%-ын субсидиялады. Бұл – шағын бизнесті қолдауда мемлекет тарапынан үлкен көмек, өйткені біздің несиеге төлейтін мөлшерлемеміз жылына 7% болды.

2024 жылы біз өз қаражатымызбен тағы екі жаңа өндіріс машинасын сатып алып, қызметкерлер санын 35-ке дейін арттырдық. Бізде мақтанатын нәрсе бар! Біз жетістікке жету жолында және қазір бар нәрсеге оңай жол жасаған жоқпыз!», - дейді кәсіпкер.

Шынымен де компания мақтана алады. Осы 8 жыл ішінде AGRAL FARM компаниясы өндіріс қуатын арттырды, өнім ассортиментін көбейтті, компания 20 мыңнан астам дүңгіршек жасап, орнатты, озық бағдарламалар мен технологияларды пайдалана отырып, жаңа жұмыс орындарын ашты, клиенттеріне жан-жақты ақпараттық және техникалық қолдау көрсетті, қызметкерлер үнемі біліктілік арттырып отырады. Қазақстанда да, шет елде де барлық процестерді есепке алу бағдарламасы енгізілді, жабдықты клиенттерге жеке жеткізу, кең клиенттік база бар - Қазақстан мен алыс және жақын шет елдер бойынша 200-ден астам сатып алушы, жабдықтың әр түріне арналған қосалқы бөлшектердің барлық жиынтығы әрқашан қол жетімді, жабдыққа қолайлы құны көршілес аймақтардағы өндірушілердің аналогтарынан айырмашылығы, санитарлық-гигиеналық нормалар сақталады, өйткені компания ең жоғары экологиялық және заманауи материалдарды пайдаланады, барлық технологиялық процестер реттеледі, кепілдік беріледі.

Компания 2017 жылдан бастап фермаларға жалпы сомасы 7 млрд теңгеден асатын жабдық сатты.

Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі 69/1

+7 (71455) 3 72 60; +7 (777) 544 06 51

www.agralfarm.kz

@agral_farm