menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараз қаласында тұрмыстық химия шығаратын жас кәсіпкердің жобасы қолдау алды

Жаңалықтар
07.04.2025

Ахметжан Шерхан Ерланұлы «Phoenix» ЖК 2022 жылы тіркеген. 

24 жастағы кәсіпкер қазақстандық «BioMix» брендімен тұрмыстық химия өндіріп жатыр. Атап айтқанда: жуу және тазалау құралдары, қол жуатын жұмсақ сұйық сабын, шаш жуатын шампунь, ыдыс ,еден жуатын сұйықтықтар, сантехника тазалауға арналған құралдар, кір жууға арналған гель және автохимия.

Өнімге сұраныстың артуына байланысты жас кәсіпкер өндірісті кеңейтуге шешім қабылдады. Ал ол үшін кәсіпорынға қосымша жабдық сатып алу қажет.

Осы идеясын жүзеге асыру үшін Шерхан Ерланұлы «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Менеджерлердің кеңесімен «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры кәсіпкердің қарызын субсидиялап, кепілдік берді.

Қаражатқа жас кәсіпкер тұрмыстық химия өндірісіне қажет жабдықтар сатып алып, Қазақстанның басқа облыстарына да тауар жеткізуге мүмкіндік алды. Енді жақын арада басқа елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

«BioMix» тұрмыстық химиясы – жай құрамдас бөліктердің қоспасы ғана емес, ғылыми зерттеулердің, қатаң стандарттардың және отандық өндіріс өнімдерінің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне үнемі ұмтылудың нәтижесі» - дейді жас кәсіпкер Шерхан Ахметжан. 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 324.

Instagram: biomixkz

Моб.тел. +7707 219 18 19