Кеңес ал!
Taza.Likee компаниясының негізін қалаушы Татиева Ирина Рапаеловна ұлының денсаулығындағы күрделі жағдай мен экология қауіпсіздігін түсіне отырып өз өмірін ғана емес, қоршаған ортаны да өзгертуге шешім қабылдады.
Басқа салаларда, оның ішінде желілік маркетинг пен сәнді киім бизнесінде бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, 2021 жылы ол экологияны құтқару ісіне үлес қосуға шешім қабылдады. Бұл тек оның ғана таңдауы емес еді. Қоқыс қалдықтары мәселесінің катастрофалық жағдайы мен экологияның нашарлауы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Экологиялық санаға барар жол ұзақ әрі күрделі, бірақ ол нәтиже әкелді.
Алдымен компания кішігірім қадамнан бастады. Отбасында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, достар мен таныстарды осы процессқа тартуға тырысты. Әлеуметтік желілер арқылы тәжірибесін бөлісіп, жұртты экология мәселелеріне көңіл бөлуге шақырды. Бұл нәтижесіз болмады. Оларға пластик қалдықтарды қайта өңдеуге жіберу ісіне көмек көрсету жайлы ұсыныстар түсе бастады. Бұл – Taza.Likee компаниясының құрылуындағы алғашқы маңызды кезең болатын.
Компанияның бастапқы мақсаты айқын болды. Ол: қалдықтардың көбеюін азайту және пластик пен басқа материалдарды тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз ету. Экологиялық жауапкершілік пен саналы көзқарас Taza.Likee компаниясын құрудың негізі болды. Пластиктің экология үшін үлкен қауіп екенін түсініп, бірақ сонымен қатар қайта өңдеуге болатын материал екенін сезіне отырып, компания қалдықтарды жинау және қайта өңдеуге жіберу бойынша жұмыстарды бастады. Мұнымен, компания халықтың эко сауатын арттырудың маңызын түсінді. Экологиялық білім деңгейін көтеру мақсатында «Taza.Likee» жасыл мектебі атты қоғамдық ұйым құрылып, ол адамдарды, әсіресе жастарды, қалдықтарды сұрыптаудың және экологияға тұрақты көзқарастың маңыздылығына үйретуді мақсат етті. Taza.Likee компаниясы тек кеңейтуге ғана емес, сонымен бірге тұрақты бизнес-моделді құруға ұмтылады. Қысқа уақыт ішінде компания өз өндірістік базасын сатып алу шешімін қабылдады. Бұл жұмыс жағдайын едәуір жақсартып, тәуекелді азайтуға және қызметкерлерді тұрғын үйдмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Даму» қорының бағдарламасы арқылы компания 80 млн теңгеге база сатып алып, инфрақұрылымды жақсартуға қаражат салды. Қазіргі таңда Taza.Likee — қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын ғана емес, экологиялық білім беру және тұрақты бизнестің көшбасшысы саналатын компания. Оның миссиясы — тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшін таза және қауіпсіз орта құру және қоғамда экологиялық сананы қалыптастыру. Компания табиғат пен қоршаған ортаның тазалығын сақтау маңызын сезіну үшін адамдардың санасын оятуға ұмтылады.
2023 жылы компания бизнесін дамыту үшін жалпы ауданы 2151 ш.м. болатын өндіріс базасын сатып алды. Ол үшін «ForteBank»-тен несие алынды және «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алды. Ол бизнестің тұрақты дамуына ықпал етті.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Промзона №6, ғимарат 63
+7 747 305 00 40
Instagram: @taza.likee