Кеңес ал!
Вера Александровна Трубинова — ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын кәсіпорынның негізін қалаған Көкшетаулық кәсіпкер. Өз ісін ол 2021 жылы бастап, идеядан нақты өндіріс орнын ашуға дейінгі жолды жүріп өтті. Бүгінде оның бизнесі — бұл инженерлік тәжірибе, табандылық пен мемлекеттің қолдауының нәтижесі.
Кәсіпкерлікке келгенге дейін Вера Александровна инженер-механик болып жұмыс істеді. Ол ұзақ жылдар бойы өндірісте еңбек етіп, ауыл шаруашылығы техникасын жасау саласында тәжірибе жинақтады. Дәл осы кезеңде ол фермерлердің қолжетімді әрі сапалы техникаға деген сұранысының артып келе жатқанын байқады. Осылайша өңірде жергілікті өндірісті жолға қойып, аграрлық сектордың қажеттілігін өтеу жайлы идея туды.
Алғашқы қадам — ЖК тіркеу және өндірістік орын іздеу. Қажетті жабдықтар жеке қаражат және несие есебінен сатып алынды. 2024 жылдың наурыз айында кәсіпкер өндірісті кеңейту үшін «Bereke Bank»-ке жүгініп, «Даму» қорынан «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау («Шағын және орта бизнесті қолдау» бағыты)» түріндегі қолдауға ие болды. Несие 19,75% мөлшерлемемен беріліп, оның 11,75%-ын «Даму» қоры субсидиялады, қалған 8%-ы кәсіпкерге қалды. Бұл өндірісті жылдам іске қосуға мүмкіндік берді.
Төрт жыл ішінде кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасының тораптары мен құрамдас бөліктерін шығаруды жолға қойды, команда қалыптасты, фермерлік шаруашылықтармен серіктестік байланыс орнатылды. Болашақта өндірісті автоматтандыру, өнім түрлерін кеңейту және мемлекеттік сатып алуларға қатысу жоспарда бар.
Кәсіпкер табысты бизнестің негізі — стратегиялық ойлау, сапаны бақылау және мықты команда екенін атап өтеді. Оның айтуынша, мемлекет пен «Даму» қорының қолдауы оның бизнесінің құрылуында шешуші рөл атқарды: «Егер уақтылы қаржыландыру болмаса, іске қосу әлдеқайда көп уақыт пен тәуекелді талап ететін еді», — дейді ол.
Трубинованың кәсіпкерлік жолы — инженерлік білім, практикалық тәжірибе және мемлекеттік қолдау құралдарының арқасында Қазақстанда сәтті өндіріс ашуға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал. Бұл — жас кәсіпкерлерге шабыт беретін, ал қолдау көрсетілген идея нақты нәтижеге әкелетінін растайтын оқиға.
Ақмола обласы, Красный яр ауылы, Автобаза к-сі. 1/3
+7 700 240 5845, +7 705 516 8816
Сайт: Agromasterkz.taplink.ws
Инстаграм: @selkhozorudia.03