menu
Жабу

Кеңес ал!

Бала кездегі қызығушылығын кәсібіне айналдырған адам

Жаңалықтар
16.04.2025

Саяхат Сейтбеков — кәсіпкерлікке бала кезінен араласқан. Отбасында ерте жастан бизнес негіздерін көріп өсті. Анасы фармацевтика саласында жұмыс істесе, әкесі жылжымайтын мүлікпен айналысып, ғимараттарды жалға берген. Бұл отбасылық тәжірибе Саяхатқа кәсіпкерлікке деген қызығушылық қалыптастырды.

2024 жылы ол Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жұмыс істеп тұрған сауықтыру орталығын сатып алып, оны жаңартып, «Саяхат» орталығын ашты. Жобаның мақсаты — заманауи талаптарға сәйкес медициналық және сауықтыру инфрақұрылымын қалыптастыру еді.

«Саяхат» сауықтыру орталығы жобасын жүзеге асыру үшін «First Heartland Jusan Bank» арқылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында қаржыландыру алды. Бағдарлама бойынша 21,75%-дық несие пайызының 14%-ы субсидияланды, бұл кәсіпкердің қаржылық жүктемесін едәуір азайтып, жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік берді.

«Саяхат» сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істеп, 100 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда стандартты және отбасылық бөлмелер, сауықтыру процедуралары, массаж, минералды ванналар және физиотерапия қызметтері ұсынылады. Жоба іске қосылғаннан кейін 20-дан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Орталықтың ерекшелігі –табиғи климат ерекшеліктермен қатар, сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етілуінде.

«Бұл жоба өңірдегі туризм және сауықтыру саласының дамуына маңызды қадам деп санаймын», — деп атап өтті Сейтбеков Саяхат.

Адрес: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктөбе ауылы, Бостанова көшесі, 25.

+7 702 000 93 11

Инстаграм: @saryagash_.su