menu
Жабу

Кеңес ал!

Жетісулық кәсіпкер ерекше сплитер және полистирол бетон блоктар шығарады

Жаңалықтар
17.04.2025

Кәсіпкер Бауыржан Нұржігітов ашқан «Строй инструмент» ЖК 2019 жылдан бері сплитер және полистирол бетон блоктар шығарады. Бауыржан кәсіпкерліктегі алғашқы қадамын 2006 жылы электр тауарлар сататын дүкен ашудан бастаған. Сол кезден бастап бизнесін кеңейтуге ұмтылып, тағы бір бағыт ашуды мақсат тұтты. Ол – сплиттер өндірісі және полистирол бетон блоктары өндірісі болатын.

Электр тауарларын сату саласында табысты іс жүргізе отырып, кәсіпкер құрылыс нарығына сапалы құрылыс материалдары, оның ішінде аса берік, мықты, аса қымбат емес кірпіш өнімдері жетіспейтінін түсінді. Сөйтіп әртүрлі ғимарат салу үшін өте қолайлы өнім шығару идеясы пайда болды.

Қабырға блоктарын өндіру жөніндегі қызметті кеңейту үшін ол «Қазақстан Халық Банкінен» 2024 жылы несие алып, «Даму» Қорының «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында субсидиялау құралын қолдана отырып, несие жүгін жеңілдетті.

Шағын өндірістен бастап компания сплиттер мен полистирол бетон блоктарын шығаратын сенімді компанияға дейін өсті. Процесс барысында басты назар технологияларды сақтауға, сапалы шикізатты таңдауға және өндірістің әр кезеңінде қатаң бақылауға аударылады. Бұл тәсіл компанияға жергілікті сатып алушылардың сеніміне ие болып қана қоймай, жеткізілім аясын біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік берді.

Бүгінде «Строй инструмент» ЖК өндірісті кеңейтіп, өз ұсыныстарын жетілдіре отырып, болашаққа сенімді қадам басуды жалғастыруда. Бауыржан Нұржігітов – табандылықтың табысқа жеткізетінің үлгісі. 

Instagram: @polisterolbeton_tdk

Талдықорған қаласы, Ярославский көшесі, 9/1

+7 7026666693