Кеңес ал!
«BioOperations» ЖШС астықты терең өңдеу бойынша қазақстандық жоғары технологиялық кәсіпорын. Қазір «BioOperations» зауыты Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша көшбасшы саналады. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында орналасқан.
Зауыт елдің астық аймағында орналасып, шикізат базасы жақындығы – басты артықшылығы. А автомобиль жолдары мен теміржолдардың негізгі бағыттары бойында орналасуы логистиканы оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Зауытта: элеватор, диірмен кешені, крахмал цехы, биоэтанол өндіру цехы, көмірқышқыл газы цехы және тазарту құрылыстары атты 5 цех бар.
Астықты терең өңдеу процесінде зауытта бидай глютені, крахмал, глютен, DDGS жемі (жануарларға арналған жем), биоэтанол, СО2 сияқты жоғары технологиялық өнімдер өндіріледі.
BioOperations өнімдері халықаралық тізілімдерге енгізілген FSSC 22000 және ISCC сертификатталған.
2022 жылы компания «Bank RBK «Банкінен» «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жабдықтар сатып алу үшін бизнес несие алып, мемлекеттік қолдаудың арқасында мөлшерлемені 6%-ға түсіре алды.
Өндірістік қуаттарды ұлғайту үшін сатып алынған технологиялық жабдық, оның ішінде: жылу алмастырғыштар, біліктер, 100 м3 бөшке, вакуумдық сорғылар, трикантер, декантерге арналған сорғылар және т.б., бұл дайын өнімді (бидай крахмалы, бидай глютені, биоэтанол, жемшөп өнімі) өндіру және өткізу көлемінің ұлғаюына әкеледі. Жобаны іске асыру жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етті.
Бидай глютені мен крахмал Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға, ТМД және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады. Еуропаға биоотын экспортының басталуы биобензиндер мен биодизель өндірісі. Алғашқы 5000 тонна өнім 2022 жылы Еуропадағы ең ірі отын өндірушілерге жіберілді.
Негізгі өнімді өндіру үшін қазақстандық бидай пайдаланылады, оның өңдеу процесінде алынатын қалдықтар биоэтанол өндірісіне бағытталады.
Бүгінде «BioOperations» зауыты – республикадағы глютен мен крахмалдың және ТМД-дағы биоэтанолдың жалғыз өндірушісі.
СҚО, Тайынша ауданы, Чермошнянка аулы, Чермошнянка өндірістік аймағы, 1
+7 (715 36) 79025
https://www.biooperations.com/