Кеңес ал!
Сәтбаев қаласының кәсіпкері Сакен Дүйсенбаев — өз ісін нөлден бастап, табысты жиһаз өндірісін ұйымдастыра алған азамат. Оның кәсіби жолы еңбек, табандылық пен жауапкершіліктің нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізуге болатынының айқын дәлелі.
18 жасқа толғанда, оның алдында маңызды таңдау тұрды, себебі елдің оңтүстігінде тұрақты жұмыс болмағандықтан, Жезқазғанға көшіп, үлкен мүмкіндіктер қаласына қадам басуға шешім қабылдады. Сол жерде ол Орталық Азия университетінің «Мұнай мен газ өңдеу технологиясы» факультетіне түсті. Алайда көп ұзамай Сәкен бүйрегі теорияға емес, практикаға бұратынын түсінді. Ол университетті тастап, кәсіпкерлікті таңдады.
Алдымен шағын бизнесті Жезқазғандағы базарда балық сатудан бастады. Тауарды Алматы облысынан өзі сатып алып әкелетін. Күн сайын тынымсыз еңбек ете отырып Сәкен Кыхымұлы сауда көлемін арттырды. Уақыт өте келе ол өз жолын ары қарай дамытып, үлкен іспен айналысуды жоспарлады. Арнайы білім болмаса да, Сакен жиһаз жасаудың технологиясын өз бетінше меңгеруге кірісті. Сәтпаев қаласында кішкентай цехтан бастаған олол жергілікті тұрғындарға жиһазды тапсырыспен жасап беріп жүрді. Біраз уақыттан кейін жұмсақ жиһаз да жасауды бастады. Бұл сегменттегі бәсекеге қарамастан, оның жиһаздары жоғары сапасы және ұсақ-түйекке дейін ойластырылатынымен ерекшеленді. Бизнестің дамуы барысында Сәкен бауырларын шақырып, олармен бірге өндіріс көлемін ұлғайту мен өнім сапасын жақсарту мақсатында мықты команда құрды.
Кәсіпкер әрқашан өз бизнесін кеңейтуге және өз командасының жұмыс жағдайларын жақсартуға ұмтылады. 2024 жылы ол екі қабатты жеке ғимарат салу туралы маңызды шешім қабылдады. Бірінші қабатта өндірістік цех, ал екінші қабатта жиһаз дүкені орналасуы керек еді.
<> Жобаны жүзеге асыру үшін Сәкен «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдайтынын білді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы ол 10%-дық несие алды. Бұл шешім оған құрылысты аяқтап, өз жиһазын сататын жеке дүкен ашуға мүмкіндік берді. >
Қазір Сәкен мен оның командасы жиһаз жасап, жеке тапсырыстарды орындайды және барынша беріліп жұмыс істейді. Олардың өнімдері — бұл жай ғана шкафтар мен дивандар емес. Бұл — әрбір ұсақ-түйекке назар аудару, әр клиентке деген қамқорлық, жоғары сапа және өз ісіне деген шынайы махаббат.
Сатпаев қаласы, Промзона көшесі, 1«А»
+7 (777) 074 3767
Инстаграм: @mebelzhez.sat