menu
Жабу

Кеңес ал!

Жамбыл облысында сүт өнімдерін өндіруші қолдау алды

18.04.2025

Сергей Лесняк 2019 жылы «MOLBID» ЖШС тіркеп, сүт өндіріп, өңдеп, «Молочный бидончик» сауда белгісімен жоғары сапалы, табиғи сары май, йогурт, сүзбе, қаймақ, айран және сүт сияқты тағамдар шығарып келеді. Зауытта тәулігіне 16 тонна сүт өңделеді.

«Молочный бидончик» өнімдері Жамбыл облысында компанияның жеті дүкенінде және ірі сауда орындары арқылы сатылады. Компания өндіріс ауқымын кеңейтіп, жеткізілімдерді тұрақтандырып, ассортиментті ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін айналым қаражатын жедел толықтыру қажет болды.

Сергей Владимирович айналым қаражатын толықтыруға несиені «Bereke Bank»-тен алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігі мен субсидиясын пайдаланды.

Осы қаржының арқасында компания жергілікті фермерлерден қосымша шикізат сатып алды, логистика мен қойма жұмысын оңтайландырды, тауар өткізу жолдарын көбейтті және жаңа нарыққа жол салды. «MOLBID» ЖШС жетістігі – қаржылай қолдаудың арқасында тұрақты дамып, нарықтағы позициясын нығайтудың мысалы.

Бүгінде «MOLBID» ЖШС сенімді және әлеуметтік жауапты өндіруші ретінде беделін нығайта отырып, қарқынды дамып келеді. Бұл уақтылы қаржылай қолдау – күнделікті міндеттерді шешудің жай ғана мүмкіндігі емес, ауқымды табысқа жету жолындағы стратегиялық қадам екенін растайды.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңіске 40 жыл көшесі, 20 «б» үй.

Тел. +7707 393 77 38

Instagram: @molbit.kz