menu
Жабу

Кеңес ал!

Өзгерістер – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

22.04.2025

Хардина Людмила ұзақ жылдар бойы шағын азық-түлік дүкендерінің желісін басқарып, әр сатып алушыға жеке назар аудару арқылы олардың сеніміне кірді. Уақыт өте келе қалада ірі сауда желілері мен супермаркеттер пайда бола бастағанда, жаңа бәсекелестікке тап болды: тұтынушылар кең ассортимент пен төмен баға үшін гипермаркеттерді жиі таңдай бастады. Осы кезде Людмила өз кәсібінің бағытын қайта қарап, командасын сақтап қалу және нарықта сұранысқа ие болу үшін батыл шешім қабылдады.

Бұл сынақты қабылдай отырып, ол «RONЯ» брендімен жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашты. Өнімдерінің негізінде – дәстүрлі рецепттер, балғын ингредиенттер және сапаға деген жоғары талап жатыр. Жаңа өнім тұтынушылардың қызығушылығын тез арада оятып, дәм мен қолайлылық арасындағы үйлесімді бағалайтын жандардың көңілінен шықты.

Бастапқыда өндіріс жалға алынған ғимаратта орналасқан еді, бұл белгілі бір еркіндік пен икемділік берді. Алайда өндіріс көлемі артқан сайын жалға төленетін қаражаттың салмағы сезіле бастады. Осыдан кейін өзінің жеке өндірістік базасына ие болу қажеттілігі туындап, бұл арман нақты мақсатқа айналды.

2024 жылы жаңа цехтың құрылысына қажетті қаражатты алу үшін Людмила «Даму» Қорының қолдауымен «Банк Центр Кредит» АҚ-нан қаржыландыруға жүгінді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында компания үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20,25 %-дан 8 %-ға дейін төмендетілді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды. Осы қолдаудың арқасында жалпы аумағы 1010 шаршы метрді құрайтын, шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі толық өндірістік циклді қамтамасыз ететін заманауи цех салынды. 

Бүгінде «RONЯ» жартылай фабрикаттары қаланың барлық ірі сауда желілері мен шағын дүкендерінде сатылады. Кәсіпорын үнемі дамып келеді, өнім түрлерін кеңейтіп, жаңа дәмдермен тәжірибе жасап, әрбір тұтынушыға ерекше көңіл бөледі.

«RONЯ» кәсіпорынынң басты мақсаты — сапаны сақтай отырып, үй тағамдарын әрбір отбасы үшін қолжетімді ету. Алдағы жоспарларында — жаңа бағыттарды енгізу, жас мамандарды оқыту және өнім жеткізу географиясын кеңейту бар.

«RONЯ»-ның тарихы — ойлау икемділігі, мемлекеттік қолдау және өз күшіне деген сенім шағын бизнесті өзгерістерге бейімделуге ғана емес, сонымен қатар табысты дамуға жетелей алатынын көрсетеді. 

Қызылорда қаласы. А.Тоқмағамбетов көшесі, 62А-үй.

тел: +7 (705) 888 41 17

инстаграмм: @ronya_kzo