menu
Жабу

Кеңес ал!

Біздің миссиямыз – сіздің денсаулығыңыз

23.04.2025

Атырау облысындағы «ДиаМедЦентр» ЖШС 2013 жылдан бастап кәсіпкер Оксана Ханның басшылығымен жұмыс істеп келеді.

Мұнай мен газ өндіру және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін өнеркәсіп қызметкерлерін тұрақты түрде медициналық тексеріп-қарау, сондай-ақ алыс орналасқан объектілерге барып алғашқы көмек көрсетуді қажет. Атап айтқанда:

  • Химиялық зауыттар: Бұл кәсіпорындарда өндірісте жарақаттар алу мен жазатайым оқиғалар қаупі жоғары, сондықтан медициналық пункттер мен жедел медициналық қызмет көрсету өте маңызды.

  • Құрылыс компаниялары: мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің қызметкерлерінен алкотест алу және алғашқы көмек көрсету үшін медициналық пункттер ұйымдастыру, құрылыс алаңдарындағы медициналық қызмет.

  • Көлік және логистика компаниялары: жүк және жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияларғы жүргізушілерден алкотест алу және медициналық тексерулер жүргізу.

  • Логистикалық орталықтар: логистикалық орталықтар мен қоймалардың қызметкерлерін медициналық қолдау.

  • Білім беру мекемелері: мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы пункттер ашу және оқушылар мен қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар өткізу.

  • Мемлекеттік және муниципалдық ұйымдар: мемлекеттік қызмет мекемелерін тұрақты тексеру және жергілікті медициналық пункттер жұмысы.

  • Жеке компаниялар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарындағы тұрақты медициналық тексерулер, алкотест алу және кеңсе қызметкерлеріне арналған медициналық қызметтер.

  • Бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін компаниялар өз қызметкерлері үшін медициналық қолдау.

Қазір «ДиаМедЦентр» ЖШС 35 жұмыс орнын ашты, онда кәсіби дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, аға медбикелер, вахталық әдіспен жұмыс істейтін жедел медициналық жәрдем көліктерінің жүргізушілері жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін компания «жедел жәрдем» автокөлігін жалға алып келді, бұл жағдай медициналық көмек көрсетудің жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай шектеді. Осы проблеманы шешу және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін несиелік қаражатқа жаңа, екінші «жедел жәрдем» машинасын сатып алу қажеттілігі туындады.

Жыл басында кәсіпкер «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысып, «жедел жәрдем» автокөлігін сатып алуды. «Forte Bank»-тен жылына 20,25%-бен алған несиенің мемлекет субсидиялайтын бөлігі 11,25%-ды құрады. 9% айырмасын компания төлейді.

Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, 12

+7 776 082 20 17, +7 702 823 20 17

Эл. пошта: drjavanshir@gmail.com